МАЙФОРТИК 180 мг №120 таб

17500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Микофеноловая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Новартис Фарма Продакшнс ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - натрий микофенолаты 192,40 мг немесе 384,80 мг (180 мг немесе 360 мг микофенол қышқылына баламалы) қосымша заттар -– сусыз лактоза, кросповидон (А типі), повидон (К-30), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабықтың құрамы: гипромеллоза фталаты (НР50), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), индиготин (индигокармин) (Е132) (180 мг доза үшін), темірдің қызыл тотығы (Е 172) (360 мг доза үшін).
Қолданылуы
- аллогенді бүйрек трансплантаттары бар ересек пациенттерде трансплантаттың жедел қабылданбай ажырауының профилактикасы үшін циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде
Қарсы көрсетілімдер
- натрий микофенолатына, микофенол қышқылына, микофенолат мофетиліне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - Майфортик® препаратын өзінің ықтимал мутагендік және тератогендік әсеріне байланысты жүктілік кезінде қолдануға болмайды («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз) - Майфортик® препаратын тиімді контрацепцияны қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдерде қолдануға болмайды («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз) - бала емізу кезеңінде - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Майфортик® препаратымен емдеуді тек білікті трансплантолог дәрігерлер жүргізуі тиіс. Майфортик® препаратын қолдануды трансплантациядан кейін 48 сағат ішінде бастау керек. Ұсынылатын доза - 720 мг (180 мг 4 таблетка немесе 360 мг 2 таблетка) тәулігіне 2 рет (тәуліктік доза-1440 мг). Пациенттердің ерекше топтары Бала жасындағы пациенттер Балалар мен жасөспірімдер үшін Майфортик® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Пациенттердің осы жас санаты үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының бұзылуы Бүйрек трансплантациясын өткерген бауырдың ауыр паренхиматозды аурулары бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының бұзылуы Операциядан кейін бүйрек трансплантаты функциясының кідірісі бар пациенттерде дозаны өзгерту талап етілмейді. Бүйрек функциясының созылмалы ауыр бұзылуы бар пациенттерді (шумақтық сүзілу жылдамдығы 25 мл/мин/1,73 м 2-ден кем) мұқият бақылау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді Ішекте еритін үлбірлі қабықтың тұтастығын сақтау үшін таблетканы ұсақтауға немесе бөлуге болмайды. Майфортик® препараты таблеткалары қабығының бүтіндігі бүлінсе, ұнтақты деммен ішке тартуға немесе оны теріге немесе шырышты қабыққа тікелей тигізіп алуға болмайды. Егер ұнтақ теріге тиген болса, онда бұл жерді сабынмен және сумен жақсылап жуып-шаю керек; көзді жеткілікті су мөлшерімен жуып-шаю қажет. Бұл шаралар микофенолаттың тератогендік әсеріне байланысты қажет. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Майфортик® дәрілік препаратын тамақ ішуге қарамастан қолданады. Емдеу ұзақтығы Емдеуші дәрігер-трансплантолог анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.