Магния сульфат 25% 5 мл №10, раствор для инъекций

550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Магния сульфат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ЧАО«Фармацевтическая фирма «Дарница»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: магний сульфаты гептагидраты 250 мг қосымша заттар: 0,1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- гипомагниемия кезінде пероральді қолдану тиімділігі жеткіліксіз болғанда магний тапшылығын емдеу. - эклампсиямен байланысты құрысу ұстамаларының пайда болуын болдырмау үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - артериялық гипотензия, айқын брадикардия (ЖЖЖ минутына 55 соққыдан кем), атриовентрикулярлық блокада - кальций тапшылығымен және тыныс алу орталығының бәсеңдеуімен байланысты жағдайлар, тыныс алу ағзаларының ауыр аурулары - кахексия - бүйрек функциясының бұзылуы, бауырдың немесе бүйректің айқын жеткіліксіздігі - миастения - қатерлі жаңа түзілімдер - босану алдындағы кезең (босануға дейін 2 сағат бұрын), лактация кезеңі - етеккір Тыныс алу мүшелерінің аурулары, асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну аурулары, жүктілік кезінде сақтықпен қолданады.
Дозасы
Вена ішіне енгізу үшін: а) Гипомагниемия кезіндегі магний тапшылығын емдеу: Ересектер және егде жастағы пациенттер: Доза пациенттің қажеттіліктеріне және организмнің жауапты реакциясына сәйкес жеке болуы тиіс. Қан плазмасындағы магний деңгейін бүкіл емдеу курсы бойы бақылау керек. Тапшылықтың орнын толтыру үшін 5 күн бойы (диурездің талапқа сәйкестігі мен деңгейін ескере отырып) баяу венаішілік инфузия жолымен (5 % глюкозада) 160 ммоль магний иондарына (200 мл 25 % ерітінді) дейін қажет болуы мүмкін. Балалар: Магний тапшылығында: 100 мг/кг (0,5 мл/кг 25 % ерітінді немесе 0,4 ммоль/кг магний иондары) бір реттік доза түрінде, қажет жағдайда 12 сағат сайын қайталайды. Магнийдің төмен деңгейімен байланысты құрысулар: 20 - 40 мг/кг (0,1 - 0,2 мл/кг 25 % ерітінді немесе 0,08 - 0,16 ммоль/кг магний иондары) қажет жағдайда 4-6 сағат сайын. Бүйрек жеткіліксіздігі: Бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде дозаны азайту қажет. Қан плазмасындағы магний деңгейін бүкіл емдеу курсы бойы бақылау керек. Доза 48 сағат бойы 20 г (100 мл 25 % ерітінді немесе 80 ммоль магний иондары) аспауы тиіс. б) Эклампсиямен байланысты құрысулардың әрі қарай пайда болуын болдырмау үшін: Вена ішіне енгізу: Бастапқы дозаны енгізгеннен кейін 4 г/16 мл немесе 16 ммоль/16 мл магний иондары (20 мл 25 % ерітінді) немесе кейбір жағдайларда жоғарыда сипатталғандай вена ішіне 5 г/20 мл немесе 20 ммоль/20 мл, соңғы енгізгеннен кейін 24 сағат ішінде 1 г/сағ вена ішіне инфузия жүргізу керек. Қайталанатын құрысулар: вена ішіне енгізгенде, егер құрысулар қайталанса, қосымша вена ішіне 2 - 4 г/8 - 16 мл немесе 8 -16 ммоль/8 – 16 мл магний иондарын (пациенттің салмағына байланысты, 2 г, егер 70 кг аз болса) енгізеді, енгізу ұзақтығы 5 минутқа дейін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны төмендету ұсынылады. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі кезіндегі дәрілік заттың мөлшері соңғы 48 сағат ішінде 20 г (магний иондары 80 ммоль) аспауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Магний сульфаты инъекциясын бұлшықет немесе вена ішіне жүргізуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.