+90 бонус

ЛУЦЕТАМ 400 мг №60 таб

1805 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пирацетам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 400 мг, 800 мг, 1200 мг пирацетам қосымша заттар: магний стеараты, повидон (К-30) қабық: макрогол 6000, дибутилсебакат, титанның қостотығы (E 171), тальк, этилцеллюлоза (сулы дисперсия түрінде), гипромеллоза.
Қолданылуы
Кортикальді миоклонияда моно- немесе кешенді ем ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (терминальді сатысы) геморрагиялық инсульт Гентингтон хореясы
Дозасы
Дозалану режимі Препаратты дәрігердің тағайындауымен ғана қабылдау керек! Дозаны аурудың ауырлығына, сондай-ақ препаратқа реакциясына сәйкес әркімге жеке таңдау қажет. Әдеттегі ұсынылатын доза тәулігіне 30-160 мг/кг (тәулігіне 3-12 г ) құрайды. Жедел жай-күйлерде, сондай-ақ препаратты ішке қабылдау қиын немесе мүмкін болмаған кезде Луцетам препаратының инъекцияға арналған ерітінді түрін қолдану ұсынылады. Тәуліктік дозаны 2-4 қабылдауға бөлу керек. Ұсынылатын дозалары: Кортикальді миоклония Бастапқы доза - тәулігіне 7,2 г, содан соң қажет болса дозаны 4,8 г-ден 3-4 күндік аралықпен тәулігіне 24 г ең жоғары дозаға дейін арттыруға болады. Тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөлу керек. Кортикальді миоклонияны емдеген кезде басқа миоклонияға қарсы препараттарды әдеттегі дозаларда тағайындау керек. Кортикальді миоклонияда емдеуді аурудың бүкіл кезеңі бойы жалғастырады. Әрі қарай, пациенттің жай-күйінің жақсаруына байланысты, басқа миоклонияға қарсы дәрілердің дозасын төмендету мүмкіндігін қарастырған дұрыс. Пирацетаммен емдеуді аурудың бүкіл кезеңі бойы жалғастырады. Жедел жағдайларда кейбір пациенттерде уақыт өте келе жағдайының өздігінен жақсаруы байқалады, сондықтан, әр 6 ай сайын дозаны азайтуға немесе препаратты күрт тоқтатудан туындайтын кенет қайталанулардың немесе құрысулардың алдын алу мақсатында дозаны әр 2 күн сайын 1,2 г-ге біртіндеп қысқарта отырып (және Ланс-Адамс синдромында әр 3 - 4 күн сайын) емдеуді тоқтатуға әрекет жасау керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы бар болғанда дозаны түзетеді. Егде пациенттерде ұзақ ем кезінде дозаны өзгерту қажет болуы мүмкіндігіне орай креатинин клиренсін жүйелі бақылау қажет («Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» бөлімін қараңыз). Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Тек бауыр функциясының бұзылуынан ғана зардап шеккен пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету ұсынылады («Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» бөлімін қараңыз). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Мұндай пациенттерге бүйрек функциясына байланысты, төменде келтірілген кестеге сәйкес дозаны әркімге жеке түзету қажет. Кестені пайдалану үшін кретинин клиренсінің (КК мл/мин) мәнін анықтау керек, ол сарысудағы креатинин концентрациясына байланысты (мг/100 мл) мынадай формула бойынша анықталады:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.