+79 бонус

ЛОЗАРТАН ПЛЮС 50мг/12.5мг N30 таб п.п.о.

1590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лозартан в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Лекфарм СООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
50 мг/12.5 мг бір таблетканың құрамында әсер етуші заттар: 50.0 мг калий лозартаны, 12.5 мг гидрохлортиазид; қосымша заттар: магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий стеарил фумараты, натрий крахмалгликоляты (А типі), лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза; ақ үлбірлі қабықтың құрамы: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк.
Қолданылуы
Лозартан плюс препараты жеке-жеке қолданылатын лозартан мен гидрохлортиазидтің көмегімен артериялық қысымды талапқа сай бақылауға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда эссенциальді (бастапқы) артериялық гипертензияны емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
Лозартанға, сульфонамид туындыларына (гидрохлортиазид және т.б. сияқты) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Терапияға төзімді гипокалиемия немесе гиперкальциемия. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; холестаз және өт шығару жолдарының обструкциясы. Рефрактерлік гипонатриемия. Симптоматикалық гиперурикемия/подагра. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрі. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин). Анурия. Қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2) бар пациенттерде Лозартан плюс препаратын құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Дозасы
Лозартан плюс емнің бастапқы кезеңінде қолдануға арналмаған, бұл дәрілік препарат тек лозартан немесе тек гидрохлортиазид қабылдау арқылы жеткілікті дәрежеде АҚ бақыланбайтын пациенттерді емдеуге арналған. Жекелеген компоненттердің (лозартан мен гидрохлортиазид) дозасын титрлеу ұсынылады. Клиникалық мақсатқа сай болған жағдайда монотерапиядан бекітілген біріктірілімге тікелей ауысуға болады. Әдеттегі демеуші доза – тәулігіне бір рет 50 мг/12.5 мг Лозартан плюс дәрілік препаратының 1 таблеткасы (лозартан 50 мг/гидрохлортиазид 12.5 мг). Жеткіліксіз емдік жауап кезінде доза Лозартан плюс (лозартан 100 мг/гидрохлортиазид 25 мг) дәрілік препаратының тәулігіне бір рет 1 таблеткасына дейін ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне бір рет 100 мг / 25 мг Лозартан плюс 1 таблеткасы. Әдетте, гипотензивті әсерге ем басталғаннан кейін 3-4 апта ішінде қол жеткізіледі. Титрлеу нәтижесінде 100 мг лозартан дозасы таңдалған пациенттер және артериялық қысымды қосымша бақылауды қажет ететін пациенттер үшін Лозартан плюс 100 мг/12.5 мг (лозартан 100 мг/гидрохлортиазид 12.5 мг) дәрілік препаратын қолдану көрсетілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.