Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 50 немесе 100 мг лозартан калий,
қосымша заттар: магний стеараты, натрий стеарил фумараты, модификацияланған жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза.
қабықтың құрамы: опадрай II ақ (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль, тальк).
Қолданылуы
ересектерде, сондай-ақ 6-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде эссенциальді гипертензияны емдеу;
артериялық гипертензиядан және протеинуриямен біріккен ІІ типті қант диабетінен зардап шегіп жүрген ересек пациенттерде гипертензияға қарсы емдеу аясында күніне ≥0.5 г-мен бүйрек ауруларын емдеу;
ересек пациенттерде жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігін емдеу, егер препараттың жақпаушылығына байланысты, әсіресе жөтел туындағанда немесе қолдануға қарсы көрсетілімдері болғандықтан ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен емдеу мүмкін болмағанда. Егер жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттің жағдайы АӨФ тежегіштерімен емдеу аясында тұрақтанса, оны лозартанмен емдеуге көшірмеу керек. Пациенттер белгіленген сызба бойынша жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігіне ем алуы тиіс, олардың жағдайы тұрақты болуы тиіс, ал сол жақ қарыншадан лықсу фракциясы пациенттерде ≤40% құрауы тиіс;
сол жақ қарыншаның гипертрофиясымен біріккен артериялық гипертензиядан азап шегіп жүрген ересек пациенттерде ЭКГ деректерімен айғақталған инсульттің даму қаупін төмендету үшін.
Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Дозасы
Артериялық гипертензия
Көптеген пациенттер үшін әдеттегі бастапқы және демеуші доза күніне бір рет 50 мг құрайды. Гипертензияға қарсы ең жоғары әсерге емдеуді бастағаннан кейін 3-6 аптадан соң жетеді. Кейбір пациенттерде дозаны күніне бір рет (таңертең) 100 мг-ге дейін арттырғанда жақсы әсерге қол жеткізуге болады. Лозартанды басқа гипотензиялық препараттармен, әсіресе диуретиктермен (мысалы, гидрохлортиазидпен) біріктіріп қолдануға болады.
Протеинуриямен біріккен ІІ типті қант диабеті бар пациенттердегі артериялық гипертензияда күніне ≥0.5 г
Әдеттегі бастапқы доза күніне бір рет 50 мг құрайды. Бұл доза емдеуді бастағаннан кейін шамамен бір айдан соңғы артериялық қысымның көрсеткіштеріне байланысты күніне 100 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Лозартанды гипотензиялық басқа препараттармен (мысалы, диуретиктермен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, альфа- немесе бета- адреноблокаторлармен және орталық әсері бар препараттармен), сондай-ақ инсулинмен және жиі қолданылатын гликемиялық басқа препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина препараттарымен, глитазондармен және глюкозидаза тежегіштерімен) бірге қолдануға болады.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
Жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеу үшін лозартанның бастапқы дозасы әдетте күніне бір рет 12.5 мг* құрайды. Әдеттегідей, дозаны препараттың жекелей жағымдылығын ескеріп, апталық аралықпен (мысалы, күніне 12.5 мг*, күніне 25 мг** , күніне 50 мг, күніне 100 мг және күніне бір рет ең жоғары 150 мг дозаға дейін) арттырады.
Артериялық гипертензиясы және сол жақ қарыншаның гипертрофиясы бар пациенттерде ЭКГ-мен айғақталған инсульттің даму қаупін төмендету
Әдеттегі бастапқы доза күніне бір рет 50 мг лозартанды құрайды. Содан кейін емдеуді гидрохлортиазидтің төмен дозасымен емдеумен толықтыру және/немесе лозартанның дозасын артериялық қысымның көрсеткіштеріне байланысты күніне бір рет 100 мг-ге дейін арттыру керек.
Енгізу әдісі және жолы
Таблетканы стакан сумен ішіп, жұту керек.
Препаратты тамақ ішуге қарамай қабылдай беруге болады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар
Симптомдары
Адамда лозартанның артық дозалануына қатысты деректер шектеулі. Артық дозаланудың өте ықтимал симптомдары артериялық гипотензия және тахикардия деп есептеу керек. Парасимпатикалық (вагустық) стимуляция нәтижесінде брадикардия туындауы мүмкін.
Емі
Симптоматикалық артериялық гипотензия туындаған кезде демеуші ем жүргізу керек. Емдік шаралар препаратты қабылдағаннан кейінгі өткен уақытқа, симптомдардың типіне және ауырлығына байланысты. Бірінші кезектегі міндет жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын тұрақтандыру болып табылады. Препаратты ішке қолданған кездегі артық дозалану жағдайында белсенділендірілген көмірдің жеткілікті мөлшерін қабылдау ұсынылады. Осыдан кейін өмірлік маңызды функциялардың көрсеткіштерін мұқият бақылауды белгілеу керек. Қажет болған кезде өмірлік маңызды функцияларға түзету жүргізу керек. Лозартан да, оның белсенді метаболиті де организмнен гемодиализдің жәрдемімен шығарылмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтіге барыңыз.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиі:
анемия
бас айналу
вертиго
ортостатикалық гипотензия, дозаға тәуелді ортостатикалық әсерлерді қоса (әсіресе қантамырішілік деггидратациясы бар пациенттерде, мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер немесе диуретиктердің жоғары дозаларымен емдегенде)
бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі;
астения, шаршағыштық
гиперкалиемия, қанда мочевина деңгейлерінің жоғарылауы гипогликемия
сарысуда креатинин және калий деңгейлерінің жоғарылауы.
Жиі емес:
ұйқышылдық, бас ауыру, ұйқының бұзылуы
жүректің қағуын сезіну, стенокардия
диспноэ, жөтел
абдоминальді ауыру, іш қату, диарея, жүректің айнуы, құсу
есекжем, қышыну, бөртпе
ісінулер.
Сирек:
парестезиялар
синкопе, жүрекшелердің фибриляциясы, инсульт
аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы (АЛТ; әдеттегідей, емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды).
Постмаркетингтік кезеңде келесі жағымсыз реакциялар байқалды
Сирек:
аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну (соның ішінде көмейдің, жұтқыншақтың, беттің, еріннің, дауыс саңылауының және/немесе тілдің ісінуі (ол тыныс алу жолдарының обструкциясына әкеледі); кейбір пациенттердің анамнезінде басқа препараттарды, соның ішінде АӨФ тежегіштерін қолданумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі), васкулит (Шенлейн-Генох пурпурасын қоса) болды
гепатит.
Жиілігі белгісіз:
анемия, тромбоцитопения
депрессия
бас сақинасы, дисгевзия
құлақтың шуылдауы
жөтел
диарея
панкреатит, бауыр функциясының бұзылуы
есекжем, қышыну, бөртпе, фотосезімталдық
миалгия, артралгия, рабдомиолиз
эректильді дисфункция, импотенция
жалпы дімкәстану сезімі
гипонатриемия
арқаның ауыруы, несеп шығару жолдарының инфекциялары, тұмау тәріздес симптомдар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметттер
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.