+81 бонус

ЛОЗАП 50 мг №30 табл

1620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лозартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словакия
  • Өндіруші: Saneca Pharmaceuticals a.s.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 50.00 мг калий лозартаны, қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты, Сепифильм 752 ақ қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, макрогол стеараты 2000, титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000
Қолданылуы
- ересектер және 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде эссенциялық гипертензияны емдеу - гипертензияға қарсы ем шеңберінде ≥ 0,5 г/тәулік протеинуриямен II типті қант диабеті және артериялық гипертензия бар ересек пациенттерде бүйрек ауруларын емдеу - ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен емдеу үйлесімсіздігі, әсіресе, жөтел немесе қарсы көрсетілімдер салдарынан сай келеді деп саналмағанда ересек пациенттерде созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу. АӨФ тежегішінің көмегімен тұрақтандырылған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді лозартанға ауыстыруға болмайды. Пациенттерде сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤ 40% болуы, клиникалық тұрақты болуы және созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеудің белгіленген режимін алуы тиіс - ЭКГ-да расталған сол жақ қарынша гипертрофиясымен артериялық гипертензия бар ересек пациенттерде инсульт қаупін төмендету
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық - бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі
Дозасы
Эссенциялық артериялық гипертензияда орташа тәуліктік доза тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Гипертензияға қарсы ең жоғары әсеріне емдеу басталғаннан кейін 3-6 аптадан соң жетуге болады. Кейбір пациенттерде препарат дозасын тәулігіне 100 мг дейін (таңертең) арттыру тиімдірек болуы мүмкін. Лозапты гипертензияға қарсы басқа препараттармен, әсіресе, диуретиктермен (мысалы, гидрохлоротиазид) тағайындауға болады. Гипертензия және ІІ типті қант диабеті бар пациенттер (≥ 0,5 г/тәулік протеинурия) Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Емдеудің басталуынан кейін бір айдан соң артериялық қысым көрсеткіштеріне қарай дозаны тәулігіне бір рет 100 мг дейін арттыруға болады. Лозапты гипертензияға қарсы басқа препараттармен (мысалы, диуретиктер, кальций өзекшелерінің блокаторлары, альфа немесе бета-рецепторлар блокаторлары, орталық әсер ететін препараттармен), сондай-ақ инсулин және кеңінен қолданылатын басқа гипогликемиялық препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина, глитазондар және глюкозидаза тежегіштері) қолдануға болады. Жүрек жеткіліксіздігі Лозартанның бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 12,5 мг құрайды. Әдетте, доза пациентке жағымдылығына қарай тәулігіне бір рет әдеттегі 50 мг демеуші дозаға дейін апталық аралықпен (яғни, тәулігіне бір рет 12,5 мг, тәулігіне бір рет 25 мг, тәулігіне бір рет 50 мг, тәулігіне бір рет 100 мг) титрленеді. ЭКГ растаған артериялық гипертензия және сол жақ қарынша гипертрофиясы бар пациенттерде инсульт даму қаупінің төмендеуі Әдеттегі бастапқы доза - тәулігіне бір рет 50 мг Лозап. Артериялық қысым деңгейінің төмендеуіне қарай емдеуге төмен дозада гидрохлортиазидті қосу және/немесе Лозап дозасын тәулігіне бір рет 100 мг дейін арттыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 6 айлық - 6 жасқа толмаған Препаратты 6 айдан 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 6 - 18 жас Таблеткаларды жұтуға қабілетті дене салмағы 20-дан 50 кг дейінгі пациенттерге ұсынылатын доза күніне бір рет 25 мг құрайды (айрықша жағдайларда дозаны тәулігіне бір рет ең жоғары 50 мг дейін арттыруға болады). Дозаны артериялық қысым реакциясына қарай түзету керек. Дене салмағы > 50 кг пациенттерде әдеттегі доза тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Айрықша жағдайларда дозаны тәулігіне 1 рет 100 мг дейін арттыруға болады. Балаларда тәулігіне 1,4 мг/кг-ден жоғары (немесе 100 мг-ден артық) дозалар зерттелмеген. Лозартан шумақтық сүзілу жылдамдығы < 30 мл/мин / 1,73 м2 балаларға ұсынылмайды, өйткені деректер жоқ. Лозартан бауыр жеткіліксіздігі бар балаларға да ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер 75 жастан асқан пациенттерді емдеуді абайлап 25 мг-ден бастау керек екеніне қарамастан, әдетте, бастапқы дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Анамнезінде бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін препаратты төменірек дозада тағайындау мәселесін қарау керек. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерді емдеу тәжірибесі жоқ, сондықтан Лозап пациенттердің осы тобында қарсы көрсетілімді. Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер және гемодиализ жүргізілетін пациенттерде Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін, сондай-ақ гемодиализ жүргізілетін пациенттер үшін бастапқы дозаны түзету қажет емес. Айналымдағы қан көлемі төмендеген пациенттер Айналымдағы қан көлемі төмендеген пациенттерде (мысалы, диуретиктерді үлкен дозаларда қабылдағанда) препараттың бастапқы дозасын тәулігіне бір рет 25 мг дейін төмендету керек. Енгізу әдісі және жолы Лозап, тамақтануға қарамастан, ішке қабылданады, қабылдау жиілігі - тәулігіне 1 рет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.