+122 бонус

ЛОРОБЕН 30 мл спрей оральный

2455 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бензидамин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Drogsan Ilaclari San. ve Tic. A. S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді заттар: хлоргексидин глюконаты - 0.036 г (20% ерітінді түрінде), бензидамин гидрохлориді - 0.045 г қосымша заттар: полисорбат 20, сорбитол (70%), пропиленгликоль, патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), жалбыз эссенциясы, экокул MP (Flavour), сукралоза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитрат дигидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерге: - ауыз қуысының, тамақтың шырышты қабығының қабынуы (гингивит, стоматит, фарингит, тонзиллит, афтозды зақымданулар) - жұтылуды жеңілдету және гингивит симптомдарын төмендету үшін ауыз қуысы мен тамаққа арналған антисептик ретінде - периодонтальді араласымдарға дейін және кейін қабыну профилактикасында - сәулемен емдеу, химиотерапия, басқа араласымдар мен жарақаттардан болған ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында - тіс өңезінің профилактикасында.
Қарсы көрсетілімдер
- бензидаминге, хлоргексидинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектерде Препаратты тікелей ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына бүрку арқылы қолданады. Доза 5-10 бүркуді құрайды. Қажет болса, емшараны әр 1,5-3 сағат сайын қайталайды. Қолдану ұзақтығы бар көрсетілімдерге байланысты жекелей анықталады. Енгізу әдісі мен жолы Лоробен® сұйылтусыз пайдаланылады. Препаратты жұтуға болмайды. Алғаш рет қолданған кезде тұрақты шашыратуға қол жеткізілгенге дейін бүріккіш-помпаға бірнеше рет басу керек (ерітіндінің бетке шашырап кетпеуін болдырмау үшін оны дұрыс қолдану керек). Ауызды кеңінен ашып, қондырғыны ауыз қуысына енгізіп және ауыз қуысының кем дегенде 4 түрлі нүктесіне бүрку қажет. Қолданғаннан кейін құтыны түпнұсқалық қаптамасында тік күйінде сақтау керек, Препаратпен емдеу кезеңінде оның құрамындағы хлоргексидин тіс өңезінің түзілуін және гингивит симптомдарының ауырлығын төмендетеді. Ауыз қуысының гигиенасына балама ретінде пайдаланған кезде препаратты ауыз қуысында кемінде 1 минут ұстау керек. Хлоргексидиннен туындаған тіс эмалінің боялуын мейлінше азайту үшін қолданар алдында тісті тазалау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.