+119 бонус

ЛОРОБЕН 200 мл р-р для полоскания

2380 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для местного лечения заболеваний полости рта другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Дрогсан Илачлары Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді заттар: хлоргексидин диглюконаты - 0.240 г (0,12 %), бензидамин гидрохлориді - 0.300 г (0,15 %) қосымша заттар: пропиленгликоль, сорбитол (70%), полисорбат 20, көк патенттелген V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), ментол эссенциясы, экокул MP (Flavour), сукралоза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты дигидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерге: - ауыз қуысының, тамақтың шырышты қабығының қабынуы (гингивит, стоматит, фарингит, тонзиллит, афтозды зақымданулар) - жұтынуды жеңілдету және гингивит симптомдарын төмендету үшін ауыз қуысы мен тамаққа арналған антисептик ретінде - периодонтальді араласымдарға дейін және кейін қабыну профилактикасында - сәулемен емдеу, химиотерапия, басқа араласымдар мен жарақаттардан болған ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында - тіс өңезі түзілуінің профилактикасында.
Қарсы көрсетілімдер
- бензидаминге, хлоргексидинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы
Дозасы
Ересектерде Препаратты тікелей ауыз қуысы мен тамақты шаю арқылы қолданады. Бір реттік емшараға 15 мл ерітінді пайдаланылады. Қажет болса, емшараны әр 1,5-3 сағат сайын қайталайды. Қолдану ұзақтығы бар көрсетілімдерге байланысты жекелей анықталады. Енгізу әдісі мен жолы Лоробен® сұйылтусыз пайдаланылады. Препаратты жұтуға болмайды. Шаюды кем дегенде 30 секунд жүргізу, содан кейін ерітінді түкіріп тастау керек. Препаратпен емдеу кезеңінде оның құрамындағы хлоргексидин тіс өңезінің түзілуін және гингивит симптомдарының ауырлығын төмендетеді. Ауыз қуысының гигиенасына балама ретінде пайдаланған кезде препаратты ауыз қуысында кемінде 1 минут ұстау керек. Хлоргексидиннен туындаған тіс эмалінің боялуын мейлінше азайту үшін қолданар алдында тісті тазалау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.