+204 бонус

ЛОРНОЛИОФ лиофилизат д/приг раствора для в/в и в/м введ 2 мл №5 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
4090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лорноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде: белсенді зат - лорноксикам 8 мг, қосымша заттар - маннитол, динатрий эдетаты, трометамол.
Қолданылуы
Ересектердегі ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі жедел ауыруды қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; тромбоцитопения ацетилсалицил қышқылын қоса алғанда, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық (аспирин немесе басқа ҚҚСП қабылдағаннан кейін бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты симптомдар пайда болатын пациенттерге қолданбау керек) жүректің ауыр жеткіліксіздігі асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлық қан кету немесе қан ұюдың басқа бұзылулары алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу белсенді түрдегі немесе анамнезінде қайталанатын пептидтік ойық жаралар/қан кету (ойық жараланудың немесе қан кетудің екі немесе одан да көп дәлелденген көріністері) бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (сарысулық креатинин >700 мкмоль/л) жүктіліктің үшінші триместрі.
Дозасы
Препараттың бұл дәрілік түрі егер ауыру синдромын тез басу қажет болған жағдайда немесе егер ішке қабылдауға арналған дәрілік түріндегі препаратты пероральді қолдану тәсілі мүмкін болмағанда ғана қолданылады. Ауыру синдромы Ұсынылатын доза: 8 мг вена ішіне немесе бұлшықет ішіне. Кейбір пациенттерге алғашқы 24 сағат ішінде 8 мг қосымша дозаны енгізу қажет болуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 16 мг аспауы керек. Енгізу әдісі мен жолы Препарат вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Ерітіндіні вена ішіне енгізу ұзақтығы кемінде 15 секунд, бұлшықет ішіне - кемінде 5 секунд болуы керек. Ерітіндіні дайындағаннан кейін инені ауыстыру керек. Бұлшықет ішіне терең енгізу үшін, бұлшықет ішіне инъекцияға арналған жеткілікті ұзын ине қажет. Қолданар алдында дәрілік препаратты дайындау бойынша нұсқаулар: Инъекцияға арналған ерітінді тура қолданар алдында қоса берілген ампуладағы инъекцияға арналған суда бір құтының ішіндегісін еріту арқылы дайындалады. Ерітіндінің қалпына келтіргеннен кейінгі сыртқы түрі - іс жүзінде көрінетін бөлшектері жоқ сары, мөлдір ерітінді. Егер дәрілік препаратта қолдану үшін препараттың жарамсыздығының көрінетін белгілері байқалса, оны қолдануға болмайды. Дәрілік препарат тек бір рет қолдануға арналған. Емдеу ұзақтығы Әдетте, терапияны бастау үшін емнің құрамында тек бір инъекция болуы тиіс. Барлық пациенттер үшін тиісті дозалау режимі емге жеке жауапқа негізделуі керек. Симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңінде препараттың ең төмен тиімді дозасын қолдану арқылы жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Лорноксикамды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан егде жастағы пациенттер үшін бүйрек немесе бауыр функциясының бұрыннан бар бұзылу жағдайларын қоспағанда, дозаны арнайы түзету қажет емес. Лорноксикамды сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл жас тобында асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан жағымсыз реакциялар ауыр өтеді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Лорноксикам бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Лорноксикам бауыр ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.