ЛОРНОКСИКАМ 4 мг №10 таб Лорноксикам

9:00-ден кейін қолжетімді
1525 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лорноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Вива Фарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - лорноксикам 4 мг немесе 8 мг, қосымша заттар: магний стеараты, повидон, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, қабық құрамы: ГПМЦ/ гипромеллоза 5 mPas, ГПМЦ/ гипромелоза 15 mPas, макрогол/ПЭГ 4000, макрогол/ПЭГ 6000, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
- ересектерде жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі жедел ауырсыну синдромын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу - ересектерде остеоартрит кезінде ауырсыну синдромы мен қабынуды симптоматикалық емдеу - ересектерде ревматоидты артрит кезінде ауырсыну синдромы мен қабынуды симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық тромбоцитопения басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), оның ішінде ацетилсалицил қышқылына (демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты симптомдар) аса жоғары сезімталдық ауыр жүрек жеткіліксіздігі асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлық қан кету немесе басқа да қан кетулер ҚҚСП алдыңғы емдеуге байланысты анамнезінде асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы жедел пептикалық жара/ қан кету немесе қайталанатын пептикалық жара/анемнездегі қан кету (расталған ойықжараның немесе қан кетудің 2 немесе одан да көп айқын эпизодтары) ауыр бүйрек жеткіліксіздігі ауыр бауыр жеткіліксіздігі (сарысулық креатинин деңгейі >700 мкмоль/л) жүктіліктің үшінші триместрі тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Барлық пациенттер үшін дозалау режимі емдеуге жеке жауап негізінде таңдалуы керек. Жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін симптомдарды бақылау үшін қажет болатын ең аз қысқа курс ішінде ең төменгі тиімді дозаларды қолдану арқылы азайтуға болады. Ауырсыну синдромы Лорноксикамның тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға бөлінген 8-16 мг құрайды. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза-16 мг. Остеоартрит және ревматоидты артрит Ұсынылатын бастапқы тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінген 12 мг лорноксикамды құрайды. Демеуші доза тәулігіне 16 мг лорноксикамнан аспауы керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Қауіпсіздік және тиімділік туралы деректердің болмауына байланысты лорноксикам балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан егде жастағы пациенттер үшін бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылу жағдайларын қоспағанда, арнайы дозаны түзету қажет болмайды. Пациенттердің бұл тобы асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз реакцияларды ауыр өткергендіктен лорноксикам препаратын сақтықпен тағайындау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары доза 2-3 қабылдауға бөлінген 12 мг құрайды. Ауыр дәрежелі бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін лорноксикам қарсы көрсетімді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары доза 2-3 қабылдауға бөлінген 12 мг құрайды. Ауыр дәрежелі бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін лорноксикам қарсы көрсетімді. Енгізу әдісі мен жолы Лорноксикам Вива Фарм таблекалары ішке қабылдауға арналған және оларды жеткілікті сұйықтықпен ішу арқылы қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.