+37 бонус

ЛОРНАДО 8 мг №10 таб

740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лорноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – лорноксикам 8 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, повидон К-25, магний стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: Опадри ақ 03F180011 (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910/гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/полиэтиленгликоль), тазартылған су*. * - дайын өнімде жоқ
Қолданылуы
жеңіл және орташа ауырлықтағы жедел ауырсыну синдромын симптоматикалық қысқа мерзімді емдеуде; остеоартрит кезінде ауырсыну синдромы мен қабынуды симптоматикалық емдеуде; ревматоидты артрит кезінде ауырсыну синдромы мен қабынуды симптоматикалық емдеуде. Препарат ересектерде ғана қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) қоса алғанда, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық (бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну, ринит, есекжем сияқты симптомдар) тромбоцитопения жүректің ауыр жеткіліксіздігі асқазан-ішек, цереброваскулярлық немесе өзге де қан кетулер алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу жедел пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету, анамнезінде рецидивті ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету (ойық жараның пайда болуының немесе қан кету дамуының екі немесе одан да көп дәлелденген көріністеулері) бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (қан плазмасындағы креатинин концентрациясы (Сcr) 700 мкмоль/л-ден астам) жүктіліктің III триместрі
Дозасы
Ересек пациенттерде Лорноксикамның дозасы және емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты жеке анықталады. Жағымсыз реакциялардың туындау қаупі симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозада лорноксикамды пайдалану кезінде барынша азайтылуы мүмкін. Ауырсыну синдромы Ұсынылатын доза тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 8-16 мг лорноксикамды құрайды. Лорноксикамның ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозасы 16 мг құрайды. Остеоартрит және ревматоидты артрит Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 12 мг лорноксикамды құрайды. Демеуші доза тәулігіне 16 мг лорноксикамнан аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен жасөспірімдер Лорнадо препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды; пациенттердің осы санатында лорноксикамды қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттерде бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы болмағанда лорноксикам дозасын түзету талап етілмейді. Дегенмен, Лорнадо препаратын пациенттердің осы жас тобында сақтықпен қолдану керек, себебі олар асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан жағымсыз реакцияларды нашар көтереді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының шамалы немесе орташа айқын бұзылулары бар пациенттерде ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 12 мг лорноксикамды құрайды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Лорнадо препаратын қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының орташа айқын бұзылулары бар пациенттерде ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 12 мг лорноксикамды құрайды. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Лорнадо препаратын қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Лорнадо таблеткаларын жеткілікті мөлшерде сұйықтықты іше отырып, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.