+136 бонус

ЛОРНАДО 8 мг №1 фл +растворитель

2730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лорноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құты препараттың құрамында белсенді зат - лорноксикам 8 мг, қосымша заттар: маннит PF, трометамол, динатрий эдетаты, еріткіш: инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Елеусіз немесе орташа айқындалған ауырсыну синдромын қысқа мерзімді емдеу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) қоса алғанда, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық (бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну, ринит, есекжем сияқты симптомдар); тромбоцитопения; жүректің ауыр жеткіліксіздігі; асқазан-ішек, цереброваскулярлық немесе өзге де қан кетулер; алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу; жедел пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету, анамнезінде рецидивті ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету (ойық жараның пайда болуының немесе қан кету дамуының екі немесе одан да көп дәлелденген көріністеулері); бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (қан плазмасындағы креатинин концентрациясы (Сcr) 700 мкмоль/л-ден астам); жүктіліктің үшінші триместрі.
Дозасы
Лорноксикамды ауырсыну синдромын тез басу қажет болғанда немесе дәрілік затты пероральді немесе ректальді түрінде пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда ғана парентеральді енгізген жөн. Әдетте, Лорнадо препаратын бастапқы ем ретінде бір рет пайдаланады. Лорноксикамның дозасы мен емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты жеке анықталады. Ауырсыну синдромын емдеу кезінде ұсынылатын доза 8 мг лорноксикамды бір рет вена ішіне (в/і) немесе бұлшықет ішіне (б/і) құрайды. Алғашқы 24 сағат ішінде кейбір пациенттерде дәрілік затты 8 мг дозада қайталама енгізу қажеттілігі туындауы мүмкін. Лорноксикамның тәуліктік дозасы 16 мг аспауы керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде лорноксикамды қолдану бойынша қауіпсіздік пен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан пациенттердің осы жас тобында Лорнадо препаратын колдуну ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы болмаған кезде 65 жастан асқан пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді, бірақ егде пациенттермен нашар көтеретін АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың туындау ықтималдығына байланысты лорноксикамды сақтықпен қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы жеңіл немесе орташа бұзылған пациенттер үшін дозаны төмендету орындылығын қарастыру керек. Препарат бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарсы көрсетілімді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы орташа бұзылған пациенттер үшін дозаны төмендету орындылығын қарастырған жөн. Препарат бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарсы көрсетілімді. Жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін лорноксикамды мейлінше аз тиімді дозада ауырсыну синдромын бақылауға қажетті анағұрлым аз қысқа уақыт ішінде қолданған кезде азайтуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.