+212 бонус

ЛОРИСТА НД 100 мг/25 мг №28 таб

4250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лозартан и диуретики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: калий лозартаны 100 мг, гидрохлоротиазид 25 мг қосымша заттар: желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты үлбірлі қабық: гипромеллоза, макрогол 4000, хинолинді сары (Е104), титанның қостотығы  (Е171), тальк
Қолданылуы
артериялық қысымы лозартанмен немесе гидрохлоротиазидпен монотерапияда жеткілікті бақыланбайтын пациенттерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық айқын артериялық гипотензия, гиповолемия емге төзімді гипокалиемия немесе гиперкальциемия бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, холестаз және өт жолдарының обструкциясы рефрактерлік гипонатриемия симптоматикалық гиперурикемия/подагра
Дозасы
Лозартан мен гидрохлоротиазид біріктірілімі бастапқы ем ретінде қолданылмайды, артериялық қысымы тек лозартанмен немесе гидрохлоротиазидпен монотерапияда жеткілікті бақыланбайтын пациенттерді емдеу үшін көрсетілген. Жекелеген компоненттердің дозасын (лозартан және гидрохлоротиазид) таңдау ұсынылады. Клиникалық қажеттілік болған жағдайда, артериялық қысымы тиісті түрде бақыланбайтын пациенттерде монотерапияны бекітілген біріктірілімге тікелей ауыстыруды қарастыруға болады. Әдеттегі демеуші доза тәулігіне бір рет Лориста® H  1 таблеткасын (50 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид) құрайды. Осы дозада артериялық қысымды жеткілікті бақылауға қол жеткізе алмайтын пациенттер үшін Лориста® H дозасын тәулігіне бір рет Лориста® HД бір таблеткасына (100 мг лозартан/25 мг гидрохлоротиазид) дейін арттыруға болады. Ең жоғары доза тәулігіне бір рет Лориста® HД (100 мг лозартан/25 мг гидрохлоротиазид) бір таблеткасын құрайды. Әдетте, гипотензиялық әсеріне ем басталғаннан кейін үш-төрт апта ішінде жетеді.    Лориста® H 100 препараты (100 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид) лозартан дозасы 100 мг дейін арттырылған, артериялық қысымды қосымша бақылау қажет болатын пациенттерге арналған.    Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде қолдану Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) пациенттерде бастапқы дозаны түзету талап етілмейді. Лозартан/гидрохлоротиазид таблеткалары гемодиализдегі пациенттерге ұсынылмайды және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде қолдануға болмайды. Айналымдағы қан көлемі төмендеген пациенттерде қолдану Лозартан/гидрохлоротиазид таблеткаларын қолданар алдында айналымдағы қан көлемін және/немесе натрий деңгейін алдын ала түзету қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Лозартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан лозартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданбаған жөн. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Лориста® H  (50 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид), Лориста® HД (100 мг лозартан /25 мг гидрохлоротиазид) және Лориста® H 100 (100 мг лозартан/12,5 мг гидрохлоротиазид) басқа гипотензиялық препараттармен бірге қабылдауға болады. Таблетканы бір стақан су іше отырып, бүтіндей жұту керек. Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.