+69 бонус

ЛОРИСТА 50 мг №28 таб

1390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лозартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 25 мг, 50 мг немесе 100 мг калий лозартаны, қосымша заттар: целлактоза (лактоза моногидраты және целлюлоза ұнтағы), желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза, тальк, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171) (25 мг, 50 мг, 100 мг дозалар үшін), хинолинді сары (Е104) (25 мг доза үшін)
Қолданылуы
- ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін - артериялық гипертензиясы және протеинуриясы тәулігіне ≥0,5 г болатын 2-типті қант диабеті бар ересек пациенттерде бүйрек ауруларын, гипотензивті емнің бір бөлігі ретінде, емдеу үшін - жүректің созылмалы жеткіліксіздігін (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤40%, клиникалық тұрғыдан тұрақты жағдай) ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін, әсіресе жөтел дамығанда, оның жағымсыз болуы себебінен қолдану мүмкін емес деп саналғанда, немесе оларды тағайындауға болмайтын жағдайда емдеу үшін - артериялық гипертензиясы және ЭКГ-мен расталған сол жақ қарынша гипертрофиясы бар ересек пациенттерде инсульттің даму қаупін төмендету үшін
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауырдың ауыр жеткіліксіздігі қант диабеті бар пациенттерде алискиренмен бірге қолдану
Дозасы
Ересектерге Ішке, тамақ ішуге қарамай қабылдайды. Таблетканы шайнамай, стақан сумен ішіп, жұтады. Қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет. Артериялық гипертензия Көптеген пациенттер үшін бастапқы және демеуші доза тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Емдеуді бастағаннан кейін 3 аптадан бастап 6 аптаға дейін гипертензияға қарсы ең жоғары әсерге қол жеткізіледі. Кейбір пациенттерде препарат дозасын тәулігіне бір рет (таңертең) 100 мг-ге дейін арттыру қажет болуы мүмкін. Артериялық гипертензия протеинуриясы күніне ≥0,5 г болатын ІІ типті қант диабеті бар пациенттерде Әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Емдеуді бастағаннан кейін бір айдан соң доза артериялық қысымның нәтижелерінің негізінде тәулігіне бір рет 100 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Лозартанды гипертензияға қарсы басқа препараттармен (мысалы, диуретиктермен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, альфа- немесе бета- блокаторларымен және орталықтық әсері бар препараттармен) қатар, сондай-ақ инсулинмен және басқа да кеңінен қолданылатын гипогликемиялық препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина, глитазондар, глюкозидаза тежегіштері) бірге қолдануға болады. Жүрек жеткіліксіздігі Лориста® препаратының бастапқы дозасы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тәулігіне бір рет қабылданатын 12,5 мг құрайды. Әдетте пациенттерге жағымдылығы жақсы, тәулігіне 50 мг демеуші дозаға жеткізу үшін препарат дозасын 12,5 мг-ден бір апталық аралықпен (яғни тәулігіне 12,5 мг, тәулігіне 25 мг, тәулігіне 50 мг, тәулігіне 100 мг дозаны тәулігіне бір реттік 150 мг ең жоғары дозаға дейін) біртіндеп арттыру қажет. АӨФ тежегіштерін қолданған кезде жағдайы тұрақтанған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді лозартанмен емдеуге ауыстырмаған жөн. Артериялық гипертензиясы және ЭКГ-мен расталған сол жақ қарынша гипертрофиясы бар ересек пациенттерде инсульттің даму қаупін төмендету Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет 50 мг лозартанды құрайды. Артериялық қысым көрсеткіштерінің негізінде гидрохлортиазидтің төмен дозасы қосылуы мүмкін және/немесе дозаны тәулігіне 100 мг-ге дейін арттырған жөн. Пациенттердің ерекше топтары Айналымдағы қан көлемі төмендеген пациенттерде қолдану Айналымдағы қан көлемі төмен пациенттерде (мысалы, диуретиктердің жоғары дозаларымен емдеу салдарынан) препаратты тәулігіне бір рет 25 мг бастапқы дозада қолдану туралы мәселені қарастыру керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде қолдану Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде препараттың бастапқы дозасын түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану Анамнезінде бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты неғұрлым төмен дозада қолдану туралы мәселені қарастыру керек. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың емдік тәжірибесі жоқ. Демек, лозартан бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген. Егде жастағы пациенттерде қолдану Әдетте, егде жастағы пациенттер үшін бастапқы дозаны түзету талап етілмейді, дегенмен препаратты 75 жастан асқан пациенттер үшін 25 мг бастапқы дозада қолдану мүмкіндігін ескеру керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады. Таблетканы су іше отырып, шайнамай, бүтіндей жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.