+76 бонус

ЛОРИНДЕН-А 15 г мазь

1530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуметазон в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: ООО Бауш Хелс
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г жақпамайдың құрамында белсенді заттар – 0,2 мг флуметазон пивалаты, 30,0 мг салицил қышқылы қосымша заттар: пропиленгликоль, сусыз ланолин, ақ вазелин
Қолданылуы
Жақпамай түріндегі Лоринден® A, атап айтқанда, гиперкератоз және басылмайтын қышынумен қатар жүретін салдарлы бактериялық инфекциямен асқынбаған, аллергия аясында жергілікті қолданылады: себореялық дерматит атопиялық дерматит папулездік есекжем аллергиялық жанаспалы экзема мультиформалы эритема қызыл жегі псориаз жалпақ теміреткі
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық глюкокортикостероидтарға, салицил қышқылына және жақпамай негізінің компоненттеріне жоғары сезімталдық терінің бактериялық, вирусты және зеңді инфекциялары желшешек, қарапайым герпес тері туберкулезі вакцинациядан кейінгі реакциялар тұрпайы және қызғылт безеулер мерездің терілік көріністері терінің жаңа түзілімдері периоральді дерматит анустық аймақтың қышуы тері ауруларының суланатын және эксудатты кезеңдері флебиттер (веналардың варикозды кеңеюі аясында), трофикалық ойық жара тері ақауы бар (күйіктер) тері жабындарының ауқымды зақымданулары жүктіліктің I триместрі 2 жасқа дейінгі балалар жөргектік дерматит
Дозасы
Жақпамайдың аз мөлшерін тәулік бойы 1-2 реттен жиі емес терінің зақымданған аймақтарына жұқа қабатпен жағады. Айқын лихенизация немесе гиперкератоз кезінде окклюзиялық таңғышты қолдануға болады, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек. Емдеуді үзіліссіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды. Беттің терісіне 1 аптадан артық жағуға болмайды. Бір апта ішінде 15 г аспайтын жақпамайды (1 сықпа) пайдалануға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 2 жастан асқан балаларға қажет болған жағдайда ғана терінің шағын беткейіне күніне 1 рет аса сақтықпен қолдану керек. Балаларға окклюзиялық таңғыштың астына қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Жақпамайдың аздаған мөлшерін тәулік ішінде 1-2 рет зақымданған терінің аймағына жұқа етіп жағады. Айқын лихенизация немесе гиперкератоз кезінде окклюзиялық таңғышты қолдануға болады, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек. Бетке қолдану Бет терісіне қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.