+121 бонус

ЛОРДЕС 5 мг №10 таб

2430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дезлоратадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 5 мг дезлоратадин, қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, микрокристалды целлюлоза РН 102, жүгері крахмалы, тальк, қабығы Opadry II Pink 31F240011. Қабығының құрамы Opadry II Pink 31F240011: темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (II, III) қара тотығы (Е172), НРМС 2910/ гипромеллоза 15 сР (Е464), макрогол/ ПЭГ 4000, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
ЛОРДЕС® ересектерде және 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы жасөспірімдерде мына мақсатпен қолданылады: - аллергиялық ринитті симптоматикалық емдеу үшін - есекжемді симптоматикалық емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дезлоратадиннің ұсынылатын дозасы – күніне бір рет бір таблетка. Ересектер және жасөспірімдер (12 жастан бастап және одан үлкендер) Интермиттирленетін аллергиялық ринитті (симптомдардың аптасына 4 күннен аз немесе 4 аптадан аз болуы) емдеу пациенттің ауру тарихына берілген бағаға сәйкес жүргізілуі тиіс. Емдеу симптомдар жойылғаннан кейін тоқтатылуы және олар пайда болған кезде қайта жаңғыртылуы мүмкін. Персистирленетін аллергиялық ринитте (симптомдардың аптасына 4 күн немесе одан көбірек болуы және 4 аптадан көбірек болуы) пациенттерге аллергеннің әсер ету кезеңінде емдеуді жалғастыру ұсынылуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Дезлоратадинді клиникалық сынақтарда қолдану тәжірибесі жасөспірімдерде шектеулі 12-ден 17 жасқа дейінгі. Қабықпен қапталған дезлоратадиннің 5 мг таблеткаларының қауіпсіздігі және тиімділігі 12 жасқа дейінгі балаларда қазіргі таңда анықталған жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі жағдайларында сақтықпен пайдалану керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. Препаратты тамақ ішуге қарамай қабылдай беруге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.