ЛОРДЕС 2,5 мг/5 мл 100 мл сироп

2300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дезлоратадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Акционерное общество "Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл препараттың құрамында белсенді зат – 2.50 мг дезлоратадин, қосымша заттар: пропиленгликоль (монопропиленгликоль), сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты, натрий бензоаты, динатрий эдетаты, сукроза (рафинадталған қант), 70 % сорбитол ерітіндісі, бета-каротин (лукаротин 1 CWD\Y), ғажайып қызыл АС (Е129), Тутти Фрутти хош иістендіргіші (AG 7322), тазартылған су.
Қолданылуы
ЛОРДЕС® ересектер, жасөспірімдер мен 1 жастан асқан балаларға келесі жағдайларда тағайындалады: аллергиялық риниттің симптомдарын есекжем
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық 1 жастан кіші балаларға тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, сахараза, изомальтаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Ересектер және жасөспірімдер (12 жас және одан үлкен): күніне бір рет 10 мл (5 мг) шәрбат. Балалар: Емдеуді тағайындаған кезде дәрігер 2 жастан кіші балаларда көптеген жағдайларда мұрынның шырышты қабығы қабынуының шығу тегі аллергиялық емес екендігін, тек қабыну екендігін ескеретін болады. 1-ден 5 жасқа дейінгі балалар: күніне бір рет 2,5 мл-ден (1,25 мг). 6-дан 11 жасқа дейінгі балалар: күніне бір рет 5 мл (2,5 мг). Пациенттердің ерекше топтары Балалар: ЛОРДЕС® 2,5 мг/5 мл шәрбаттың 1 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Препарат пероральді түрде қолдануға арналған, оны тамақ ішуге қарамай қабылдай беруге болады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді. Егер аллергиялық ринит тұрақты түрде білінбесе (симптомдар аптасына 4 күннен азырақ білінгенде немесе ұзақтығы 4 аптадан азырақ болғанда), дәрігер ауру симптомдары жойылғаннан кейін емдеуді тоқтатуды ұсынуы және олар пайда болған кезде қайтадан тағайындауы мүмкін. Созылмалы аллергиялық ринитте (симптомдар аптасына 4 күннен көбірек білінген кезде және ұзақтығы 4 аптадан көбірек болғанда) аллергеннің әсер етуінің бүкіл кезеңінде емдеу үздіксіз режиммен тағайындалуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.