+19 бонус

Лоперамид-ТК капсулы 2мг №30

395 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лоперамид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО «ТК Фарм Актобе»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – лоперамид гидрохлориді 2.0 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты капсула қақпақшасының құрамы: темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин капсула корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), қан қызыл (Е 124), патенттелген көк (Е 131), бриллиантты қара (Е 151), желатин
Қолданылуы
- жедел және созылмалы диареяда - илеостомасы бар науқастардың нәжісін реттеуде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық - Лоперамид-ТК препаратын бірінші желідегі препарат ретінде пайдалануға болмайды: нәжісте қанның пайда болуымен, және жоғары температурамен сипатталатын жедел дизентериясы бар пациенттерде; спецификалық емес жедел ойық жаралы колиті бар пациенттерде; сальмонеллаларды, шигеллаларды және кампилобактерияларды қоса, инвазивтік микроорганизмдерден туындаған бактериялық энтероколиті бар пациенттерде; әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді пайдаланумен байланысты жалған жарғақшалы колиті бар пациенттерде - ішек бітелуі, мегаколон немесе уытты мегаколон (соның ішінде, ауыр асқынулар қаупінің ықтималдығына байланысты, перистальтикасының бәсеңдеуін болдырмау қажет болған жағдайда) - 18 жасқа дейінгі балаларға жүктіліктің I триместрі лактация кезеңі тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға. Іш қатуы, іш кебуі немесе ішектің бітелуі дамыған жағдайда, Лоперамид-ТК препаратын қолдануды тез арада тоқтату қажет. Сақтықпен: бауыр жеткіліксіздігі кезінде
Дозасы
Ересектер, оның ішінде егде жастағылар: Жедел диарея: бастапқы дозасы - 2 капсула (4 мг), ары қарай нәжіс сұйық болған жағдайда, үлкен дәретке әрбір шығудан кейін 1 капсуладан (2 мг) қабылдайды (тәулігіне ең көбі 8 мг дейін). Созылмалы диарея: бастапқы дозасы – тәулігіне 2 капсула (4 мг); бұл дозасы, әдетте, ары қарай, үлкен дәретке шығу жиілігі тәулігіне 1-2 ретті құрайтындай етіп жекелей түзетіледі, оған әдетте, тәулігіне 1-ден 4 капсулаға дейінгі демеуші дозасы арқылы қол жеткізіледі. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы. Жедел және созылмалы диарея кезінде - 4 капсула (8 мг). Қалыпты нәжіс пайда болғанда немесе 12 сағаттан артық уақыт нәжіс болмаған жағдайда, препаратты тоқтатады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.