+851 бонус

ЛОНГИДЗА 3000 МЕ №10 супп

17030 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие лекарственные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Петровакс Фарм НПО ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында Белсенді зат: Бовгиалуронидаза азоксимер (Лонгидаза®) – 3000 ХБ, қосымша зат: какао тұқымының майы (какао майы).
Қолданылуы
Ересектерге монотерапия түрінде және дәнекер тінінің гиперплазиясымен қатар жүретін аурулардың кешенді емінің құрамында, оның ішінде қабыну үдерісі аясында: урологияда: созылмалы простатит (оның ішінде қайталанулар профилактикасы үшін), интерстициальді цистит, уретра және несепағар стриктуралары, Пейрони ауруы, қуықасты бездерінің қатерсіз гиперплазиясының бастапқы сатысы, уретраға, қуыққа, несепағарға операциялық араласымнан кейін тыртықтардың және стриктуралардың түзілуінің профилактикасы; гинекологияда: ішкі жыныс ағзаларының созылмалы қабыну ауруларында кіші жамбастағы, гинекологиялық манипуляциялардан, оның ішінде жасанды жолмен жасалған аборттардан, бұрын кіші жамбас ағзаларына операциялық араласым жасалғаннан кейін дәнекерлеу үдерісі (профилактика және емдеу); жатырішілік синехиялар, түтіктік-перитонеальді бедеулік, созылмалы эндомиометрит; дерматовенерологияда: шектеулі склеродермия, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың фиброздық асқынуларына профилактика; хирургияда: құрсақ қуысының ағзаларына операциялық араласымнан кейін дәнекерлену үдерісінің профилактикасы және емі; жараның ұзақ уақыт жазылмауы; пульмонологияда және фтизиатрияда: пневмофиброз (пневмосклероз), сидероз, туберкулез (кавернозды-фиброзды, инфильтративті, туберкулема), интерстициялық пневмония, фиброзданатын альвеолит, плеврит; урологияда, гинекологияда, дерматовенерологияда, хирургияда, пульмонологияда және т.б. бактерияларға қарсы емнің биожетімділігін арттыру үшін.
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық – өкпеден қан кету және қан түкіру – шыны тәрізді денеге жаңадан қан құйылу – жедел бүйрек жеткіліксіздігі – 18 жасқа дейінгі балалар (клиникалық зерттеулердің нәтижелері жоқ) – жүктілік – қатерлі жаңа түзілімдер – бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектерге ректальді: ішекті тазартқаннан кейін 1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет. Ересектерге қынап ішіне: жатқан қалыпта қынапқа тәулігіне (түнге қарай) 1 рет 1 суппозиторийден енгізіледі. Енгізу сызбасы аурудың ауырлығына, сатысына және ұзақтығына байланысты түзетіледі: Лонгидаза® күнара немесе 2-3 күн үзіліспен тағайындалады. Ұсынылатын сызбалар мен дозалар: урологияда: күнара 1 суппозиторийден 10 енгізу, әрі қарай 2-3 күн сайын 10 енгізу, жалпы курсы 20 суппозиторий. гинекологияда: ректальді немесе қынап ішіне 2 күн сайын 1 суппозиторийден 10 енгізу, әрі қарай қажеттілік болғанда демеуші ем тағайындалады. дерматовенерологияда: 1-2 күн сайын 1 суппозиторийден 10-15 енгізу. хирургияда: 2-3 күн сайын 1 суппозиторийден 10 енгізу. пульмонология мен фтизиатрияда: 2-4 күн сайын 1 суппозиторийден 10-20 енгізу. Енгізу әдісі мен жолы Лонгидаза® суппозиторийлері 3000 ХБ 10-нан бастап 20 енгізуге дейінгі курспен, тәулігіне бір рет түнге қарай ректальді немесе қынаптық қолдану үшін ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Қажет болған кезде Лонгидаза® препаратының курсын кем дегенде үш айдан кейін қайталау немесе ұзақ уақыт демеуші ем ретінде 3-4 ай бойы 5-7 күнде 1 рет 1 суппозиторийден ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.