+694 бонус

ЛОНГИДАЗА 3000 МЕ №5 фл

13890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие лекарственные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Петровакс Фарм НПО ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
әсер етуші зат - бовгиалуронидаза азоксимер (Лонгидаза®) 3000 ХБ, қосымша зат - маннитол 20 мг дейін.
Қолданылуы
Ересектерде дәнекер тіннің гиперплазиясымен қатар жүретін аурулардың емі және профилактикасы үшін кешенді ем құрамында қолданылады: гинекологияда – ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары кезіндегі, соның ішінде түтікті-перитонеальді бедеулікте, жатырішілік синехияларда, созылмалы эндометритте кіші жамбастағы жабыспа үдерісінің емі және профилактикасы үшін урологияда – созылмалы простатиттің, интерстициальді циститтің емі үшін хирургияда – құрсақ қуысының ағзаларына операциялық араласымнан кейін дәнекерлену үдерісінің және ұзақ уақыт жазылмайтын жаралардың емі және профилактикасы үшін дерматовенерологияда және косметологияда – шектеулі склеродермияның, инфекциялық емес ониходистрофияның, пиодермиядан, жарақаттан, күйіктен, опрациядан кейінгі келоидтық, гипертрофиялық тыртықтардың, II-IV дәрежедегі тыртықты деформациялары бар тұрпайы безеулердің (безеуден кейінгі іздер) емі үшін пульмонологияда және фтизиатрияда – пневмосклероздың, фиброзданатын альвеолиттің, туберкулездің (кавернозды-фиброздық, инфильтративтік, туберкулема) емі үшін ревматологияда – буындардың контрактураларының, соның ішінде Дюпюитреннің контрактураларының және қол буындарының бүгілетін тендогенді контрактураларының, артроздардың, анкилозденетін спондилоартриттің, гематомалардың емі үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел инфекциялық аурулар - өкпеден қан кету және қан түкіру - шыны тәріздес денеге жаңадан қан құйылу - бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (клиникалық зерттеу нәтижелері жоқ) - жүктілік Физиотерапиялық емшараларды қолдану арқылы препаратты енгізу кезіндегі қарсы көрсетілімдер: - лазерлік сәулеленуге және ультрадыбыстық әсерге жоғары сезімталдық - фотодерматит - стероидты гормоналды дәрілерді қабылдайтын пациент - буындардағы қабыну процесі - физиотерапиялық емшараларды жүргізуге болмайтын соматикалық аурулар Сақтықпен: - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 1 реттен жиі қолданылмайды).
Дозасы
Ерітіндіні дайындау: 1. Тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізу үшін құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 1,0-2,0 мл прокаин (новокаин) 0,5% ерітіндісінде ерітеді. Прокаинге (новокаин) төзімсіздік бар болған жағдайда, Лонгидаза® препаратын сол көлемде инъекцияға арналған 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда ерітеді. 2. Ониходистрофияны емдеу үшін фотофорез көмегімен қолданған кезде құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 0,5 мл дистилденген суда ерітеді, 3-4 минут ерітеді, саусақтардың дистальды фалангтарына 1 тамшыдан (шамамен 300 ХБ Лонгидаза® препараты) жағады. 3. Безеулерді емдеу кезінде фотофорез немесе ультрафонофорез жүргізу үшін 1 құты Лонгидаза® 3000 ХБ препараты 2-5 мл ультрадыбыстық гельде («Медиагель-Т») сұйылтылып, зақымданған жерге жағылады. 4. Контрактураларды емдеуде препаратты ультрадыбысты қолдану арқылы енгізу үшін құтының ішіндегі 3000 ХБ Лонгидаза 1,0 мл физиологиялық ерітіндіде ерітеді, 5-7 г вазелинмен араластырылып, тыртық аймағына жағылады. 5. Биожетімділігін арттыру мақсатында қолданған кезде құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 2,0 мл, ал 1500 ХБ дозасын 1,0 мл инъекцияға арналған 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Еріткішті құтыға баяу енгізу қажет, 2-3 минут ұстап, ақуыз көбіктенбеуі үшін сілкілемей, ақырын араластыру қажет. Парентеральді түрде енгізу үшін әзірленген ерітінді сақтауға келмейді. Вена ішіне енгізуге болмайды!

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.