Дозасы
Ломефлоксацинді әдетте, осы инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану қолайсыз деп саналған жағдайларда немесе егер бастапқы емдеу тиімсіз болғанда ғана пайдалану керек.
Ішке (ас ішуге байланыссыз, жеткілікті мөлшерде су ішіп), тәулігіне 1 рет 400 мг-ден. Бүйрек функциясы бұзылған кезде бірінші күні 400 мг, содан кейін тәулігіне 200 мг. Дозасы мен курсының ұзақтығы аурудың ауырлығына және қоздырғыштың сезімталдығына тәуелді.
Ұсынылатын дозалары және ломефлоксацинмен емдеудің ұзақтығы төменде келтірілген:
Бұзылу
Дозасы/кестесі
Емдеу ұзақтығы
Несеп жолдарының асқынбаған инфекциялары
Күніне бір рет 400 мг
3 күн
Несеп жолдарының асқынған инфекциялары
Күніне бір рет 400 мг
10-14 күн
Тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары
Күніне бір рет 400 мг
10-14 күн
Созылмалы бронхиттің өршуі
Күніне бір рет 400 мг
7-10 күн
Трансуретральді операциядан кейін несеп жолдары инфекциясының профилактикасы
400 мг
Операция алдында 2-6 сағат бұрынғы бір реттік дозасы
Асқынбаған жедел соз
400 мг
1-3 күн
Созылмалы асқынған соз
400 мг
7-14 күн
Жедел хламидиоз, аралас бактериялық-хламидиялық инфекцияны қоса, қайталанатын хламидиоз
400 мг
10-14 күн
Туберкулез кезіндегі қатарлас инфекцияны емдеу
400 мг
10-14 күн
Туберкулезбен пациенттерді емдеген кезде ломефлоксацинді изониазидпен, пиразинамидпен, этамбутолмен үйлестіреді. Ломефлоксацинді рифампицинмен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды, өйткені бұл препараттар микробтық деңгейде бәсекелес антагонистер болып табылады.
Ломефлоксацинді кешкілік қабылдағанда фотохимиялық реакция қаупін төмендетуге болады.
Балалар
Балалар 18 жасқа толмаған мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге, егер оларда креатинин клиренсі кемінде 40 мл/мин болса, көп жағдайда әдеттегі дозаларды тағайындауға болады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бастапқы 400 мг дозадан кейін емдеу курсы бойына күніне 1 рет 200 мг дозадан ұстануы тиіс. Бауыр циррозы бар пациенттер үшін, егер бүйрек функциясы талапқа сай болса, дозасын төмендету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде креатинин клиренсі минутына 40 мл-ден аз болса, дозасы бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесіне сәйкес өзгертілуі тиіс. Бастапқы 400 мг дозасынан кейін емдеу курсы бойына күніне 1 рет 200 мг дозадан ұстану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолданылады.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: атаксия, птоз, ентігу, енжарлық, тремор, құрысулар.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, талапқа сай гидратация, симптоматикалық ем. Артық дозаланған жағдайда гемо- және перитонеальді диализдің тиімділігі аз (3%-дан аз шығарылады). Арнайы антидоты жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өзіңіздің дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі емес
- бас ауыруы, жүрек айнуы, фотосезімталдық, бас айналуы, іш өту, абдоминальді ауырсынулар
Сирек
- жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, эпигастрий аумағының ауыруы, метеоризм, іш қату, диарея, дисбиоз, гастроэнтерит, диспепсия, дисфагия, тіл түсінің өзгеруі, тілдің ісінуі, тәбеттің төмендеуі немесе жоғарылауы, фарингит, стридор
- бауыр комасы, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы, холелитиаз,
бауыр трансаминазалары белсенділігінің артуы
- жарыққа сезімталдық, терінің қышуы, Квинке ісінуі, бөртпе, есекжем, терінің қабыршақтануы, экзема, безеу, терінің ойық жарасы
- артериялық гипотензия, гипертензия, тахикардия, брадикардия, экстрасистолия, көгеру, жүрек жеткіліксіздігінің және стенокардияның өршуі, миокард инфарктісі, қарыншалар мен жүрекшелер фибрилляциясы, миокардиопатия, аритмия
- цереброваскулярлық бұзылулар, флебит, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жоғары температураға төзімділіктің төмендеуі
- диспноэ, респираторлық инфекциялар, бронх түйілуі, жөтел, қақырық секрециясының артуы, қан түкіру, ентігу, синусит, ринит, жедел респираторлық дистресс-синдром, тұмау тәрізді симптомдар
- дизурия, несеп шығарудың қиындауы, анурия, несеп шығаруға ауырсынып қысылулар, ісіну, несеп шығарудың бұзылуы, странгурия
- балтыр бұлшықеттерінің құрысуы, буын сырқырауы, бұлшықет сырқырауы, байламдардың үзілуі, бұлшықет әлсіздігі, остеомиелит, синовит, рабдомиолиз, бұлшықеттің еріксіз жиырылуы, бұлшықет тонусының жоғарылауы, парестезия, сал ауруы
- бас ауыруы, қажу, дімкәстік, астения, күйгелектік, бас айналуы, естен танулар, атаксия, құрысулар, қимыл-қозғалыс өршуі, тремор, үрейлену, қозу, депрессия, ұйқының бұзылуы (инсомния), ұйқысыздық, ұйқышылдық, сананың шатасуы, парестезия, ойлаудың бұзылуы, дереализация/деперсонализация, параноидтық реакция, мазасыздық, паронирия, зейін қоюдың бұзылуы
- көрудің бұзылуы, конъюнктивит, көздің ауыруы, көзден жас парлау;
- құлақтың ауыруы және құлақтағы шуыл;
- тромбоцитопения, тромбоцитемия, протромбин уақытының ұзаруы, лейкоцитоз, лейкопения, лимфоцитопения, моноцитоз, эозинофилия, гранулоцитопения, мочевина азотының (ҚМА) жоғарылауы, креатинин, гипокалиемия, гипогликемия, гипергликемия, анемия, фибринолиздің күшеюі, гематурия, альбуминурия
- вагинит, гениталий аймағының ауыруы, қынап кандидозы, қынап монилиазы, лейкорея, етеккір оралымының бұзылуы, етеккіраралық қан кету (әйелдерде)
- орхит, эпидидимит (ерлерде)
- бетке қан тебу, тершеңдік, қалтырау, шөлдеу, подагра, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, пурпура, лимфоаденопатия.
Белгісіз
- анафилаксиялық шок, көмейдің ісінуі, өкпе ісінуі, жүректің тоқтауы, атаксия, ми қантамырларының тромбозы, елестеулер, ауыз қуысының шырышты қабығының ауыруы, жалғанжарғақшалы колит, гемолиздік анемия, гепатит, тендинит, диплопия, көздің қарығуы, фобиялар, эксфолиативтік дерматит, гиперпигментация, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, дәм сезудің бұрмалануы (дисгевзия), интерстициальді нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі, полиурия, несеп шығарудың іркілуі, васкулит
- шеткергі нейропатия, "пируэт" типті қарынша тахикардиясы (torsade de pointes), түйінді эритема, бауыр некрозы, Гравис миастениясының өршуі, дисфазия, нистагм, ішек перфорациясы, желікпелік реакция, бүйректегі тастар, ацидоз, ықылық, агранулоцитоз, триглицеридтердің жоғарылауы; қан сарысуындағы холестерин мен глюкозаның жоғарылауы, гиперкалиемия, альбуминурия, кандидурия, кристаллурия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.