+123 бонус

ЛОКСИДОЛ 15 мг/1,5 мл №3 амп

2460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат – 15 мг мелоксикам, қосымша заттар: гликофурол, полоксамер 188, меглумин, глицин, 4.50 мг натрий хлориді, 0.2 мг натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Инъекцияға арналған Локсидол ерітіндісі ересектерде ревматоидты артриттің және шорбуынданған спондилиттің өршуін қысқа мерзімдік симптоматикалық емдеу үшін, препаратты басқа енгізу жолдарымен қолдану мүмкін емес болған кезде, қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - әсерлері ұқсас заттарға, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), ацетилсалицил қышқылына аса жоғары сезімталдық. Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП енгізуден кейін демікпенің көріністері, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем көрініс берген пациенттерге мелоксикамды енгізбеу керек - анамнезінде мұның алдында ҚҚСП-пен емдеумен байланысты асқазан-ішектік қан кетудің немесе тесілудің болуы - анамнезде пептикалық ойық жараның/белсенді қан кетудің немесе пептикалық ойық жара/қайталанатын қан кету (ойық жараның немесе қан кетулердің екі немесе одан көбірек айғақталған жеке көріністері) - бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі - диализ жүргізілмеген бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі - асқазан-ішектік қан кету, цереброваскулярлық қан кету немесе анамнезінде басқа да геморрагиялық бұзылулар - гемостаздық бұзылулар немесе антикоагулянттармен қатар емдеу (бұлшықет ішіне енгізу жолымен байланысты қолдануға болмайтын жағдайлар) - жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі - жүктіліктің үшінші триместрі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
Дозасы
Локсидол препараты бұлшықет ішіне тәулігіне бір рет 15 мг дозада қолданады. Препараттың тәуліктік дозасы 15 мг-ден аспауы тиіс. Емдеу әдетте бір инъекциямен шектеледі, төтенше жағдайларда емдеудің ең жоғары ұзақтығы 2-3 күнге жетуі мүмкін (мысалы, препаратты басқа енгізу жолдарымен қолдану мүмкін емес болған кезде). Симптомдарды бақылау үшін қажетті ең төмен қысқа уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаны қолданған кезде жағымсыз реакциялар ең азға жеткізілуі мүмкін. Симптоматикалық емдеу қажеттілігіне, сондай-ақ пациенттің емге жауабына мезгіл-мезгіл баға беріп отыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар және жасөспірімдер Локсидолды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде ұсынылатын доза тәулігіне 7,5 мг (1,5 мл-ден 1/2 ампула) құрайды. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны төмендетудің қажеті болмайды. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты диализ жүргізілмеген, бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Диализде жүрген, бүйрек функциясының терминальді жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза тәулігіне 7,5 мг-ден (1,5 мл 1/2 ампула) аспауы тиіс. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде (яғни креатинин клиренсі минутына 25 мл-ден көбірек пациенттерде) дозаны төмендетудің қажеті болмайды. Жағымсыз реакциялардың қаупі жоғарылаған пациенттер Жағымсыз реакциялар қаупі жоғарылаған (мысалы, асқазан-ішек аурулары анамнезінде бар немесе жүрек-қантамыр ауруларының қауір факторлары бар) пациенттер емдеуді тәулігіне 7,5 мг-ден (1,5 мл-ден 1/2 ампула) бастауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Инъекцияға арналған ерітіндіні асептика тәртібін сақтай отырып, бөксенің жоғарғы сыртқы шаршысындағы бұлшықет ішіне терең етіп енгізу керек. Қайталап енгізген жағдайда сол және оң жағын кезектестіру ұсынылады. Инъекция жасар алдында иненің қантамырларға енбегеніне көз жеткізу қажет. Инъекция кезінде қатты ауырған жағдайда енгізу дереу тоқтатылуы тиіс. Жамбас-сан буынында протез бар болған жағдайда препаратты басқа жағына енгізу керек. Әрі қарай емдеу үшін пероральді түрде енгізу жолын (таблеткалар) пайдалану керек. Локсидол препараты басқа препараттармен араластыруға болмайды. Құрамында бөлшектері жоқ мөлдір ерітіндіні ғана пайдалану керек. Ішінде ерітіндісі бар ампула бір реттік қолдануға ғана арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.