+166 бонус

ЛОКСИДОЛ 15 мг №6 рект. супп.

3330 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Ректальді бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат - мелоксикам 15 мг, қосымша заттар: макроголглицерин гидроксистеараты, қатты май.
Қолданылуы
Ревматоидты артритті немесе шорбуынданатын спондилитті ұзақ симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүктіліктің III триместрі балалар және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ұқсас әсері бар заттарға, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе ацетилсалицил қышқылына аса жоғары сезімталдық (препарат бронх демікпесі, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдағаннан кейін есекжем симптомдары байқалған пациенттерге қарсы көрсетілімді) бұрын жүргізілген ҚҚСП емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе асқазан-ішек жолының (АІЖ) тесілуі анамнезінде жедел немесе қайталанатын пептидтік ойық жара/асқазан-ішектен қан кету (анықталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жекелеген көріністері) бұрын болған проктит және анамнезінде ректальді қан кету бауыр функциясының ауыр бұзылуы диализ қолданылмаған бүйректің ауыр жеткіліксіздігі асқазан-ішектен қан кету, анамнезінде цереброваскулярлы қан кету немесе қан ұюының басқа да бұзылулары жүректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Жағымсыз реакциялардың туындау ықтималдығын симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы мейлінше азайтуға болады. Емнің қажеттілігін және пациенттің жүргізілетін емге жауабын мезгіл-мезгіл бағалау керек. Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит кезінде ұсынылатын тәуліктік доза 15 мг құрайды (тәулігіне бір рет 1 суппозиторий) (сондай-ақ төмендегі «Пациенттердің ерекше топтары» бөлімін қараңыз). Мелоксикамның тәуліктік дозасы 15 мг-дан аспауы керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер және жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер Егде жастағы пациенттерде ревматоидты артрит пен шорбуынданатын спондилитті ұзақ уақыт емдеу үшін ұсынылатын тәуліктік доза 7,5 мг құрайды. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер емдеуді тәулігіне 7,5 мг дозадан бастауы тиіс. Пациенттердің осы топтарына құрамында 15 мг мелоксикам бар ректальді суппозиторийлер түріндегі Локсидол препаратын пайдалануға болмайды; мелоксикамды қолайлы дозаларда қолдану ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Диализде жүрген бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде мелоксикам дозасы тәулігіне 7,5 мг-дан аспауы тиіс. Бұл пациенттерге құрамында 15 мг мелоксикам бар ректальді суппозиторийлер түріндегі Локсидол препаратын пайдалануға болмайды; мелоксикамды қолайлы дозаларда қолдану ұсынылады. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (креатинин клиренсі 25 мл/мин астам құрайды) (диализде жүрмеген бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл және ауырлығы орташа дәрежелі бұзылуларына шалдыққан пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды. Балалар Препарат 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді. Енгізу әдісі және жолы Препарат тік ішекке (ректальді) енгізуге арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.