Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 15 мг мелоксикам,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102), лактоза моногидраты, натрий цитраты, кросповидон, повидон К 30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
жүктіліктің үшінші триместрі;
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
әсерлері ұқсас заттарға, мысалы, ацетилсалицил қышқылын қоса, ҚҚСД жоғары сезімталдық. Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСД қолданудан кейін бронх демікпесінің симптомдары, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем байқалған пациенттерге мелоксикамды тағайындауға болмайды;
анамнезінде алдыңғы ҚҚСД емдеумен байланысты асқазан-ішектік қан кету немесе асқазан-ішек жолының (АІЖ) тесілуі;
АІЖ ойық жарасының/қан кетулердің белсенді фазасы немесе барысының қайталануы (ойық жараның немесе қан кетулердің бар екендігі айғақталған екі немесе одан көбірек жеке көріністер);
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі;
диализ жүргізілмеген бүйректің ауыр жеткіліксіздігі;
асқазан-ішектік қан кету, цереброваскулярлық қан кету немесе анамнезінде басқа да қан кетуге жоғары бейімділік;
жүректің ауыр жеткіліксіздігі;
галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Дозасы
Тәуліктік доза бір рет қабылданады. Симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаны қолданғанда жағымсыз реакциялардың даму қаупі төмендеуі мүмкін. Емдеу қажеттілігіне және пациенттің емге жауабына, әсіресе артроздың белсенді түрі бар пациенттерде, баға беруді мезгіл-мезгіл жүргізу керек.
Артроздың белсенді түрі: тәуліктік доза 7,5 мг (7,5 мг бір таблетка) құрайды. Емдік әсері жоқ болғанда доза тәулігіне 15 мг дейін (7,5 мг екі таблетка немесе 15 мг бір таблетка) арттырылуы мүмкін.
Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит: тәуліктік доза 15 мг құрайды (7,5 мг екі таблетка немесе 15 мг бір таблетка). Емдік әсеріне байланысты доза тәулігіне 7,5 мг дейін (7,5 мг бір таблетка) төмендетілуі мүмкін.
Мелоксикамның тәуліктік дозасы 15 мг-ден аспауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде ревматоидты артритті немесе шорбуынданатын спондилитті ұзақ емдегенде ұсынылатын доза тәулігіне 7,5 мг құрайды.
Егде жастағы пациенттер және жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер
Егде жастағы пациенттерде ревматоидты артритті немесе шорбуынданатын спондилитті ұзақ емдегенде ұсынылатын доза тәулігіне 7,5 мг құрайды. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары болатын пациенттерде де емдеу мелоксикамның тәулігіне 7,5 мг дозасынан басталуы тиіс.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Гемодиализ жүргізілмейтін бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану қарсы көрсетілген.
Диализде жүрген, бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде мелоксикамның дозасы тәулігіне 7,5 мг-ден аспауы тиіс.
Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар (креатинин клиренсі > 25 мл/мин) пациенттерде дозаны төмендетудің қажеті болмайды.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде дозаны төмендетудің қажеті болмайды. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану қарсы көрсетілген.
Балалар және жасөспірімдер
Локсидол таблеткаларын 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Локсидол таблеткаларын тамақ ішу кезінде сумен немесе басқа сұйықтықпен ішіп қабылдау керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Симптомдары
ҚҚСД-мен жедел артық дозалану симптомдары әдетте летаргиямен, ұйқышылдықпен, жүректің айнуымен, құсумен және эпигастральді ауырумен шектеледі, олар жалпы алғанда демеуші ем жүргізген кезде қайтымды болып табылады. Асқазан-ішектік қан кету туындауы мүмкін. Ауыр улану артериялық гипертензиямен, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігімен, бауыр дисфункциясымен, тыныс алудың тарылуымен, комамен, құрысулармен, жүрек-қантамырлық коллапспен және жүректің тоқтап қалуымен қоса жүруі мүмкін. ҚҚСД емдік қолданған кезде анафилактоидтық реакциялар туралы мәлімделді, олар сондай-ақ артық дозалану кезінде де туындауы мүмкін.
Емі
ҚҚСД артық дозаланғанда, уыттанудың ауырлығына қарай, пациенттерге симптоматикалық және демеуші ем ұсынылады.
Клиникалық зерттеулерде 4 г колестираминді тәулігіне 3 рет пероральді түрде қабылдау мелоксикамның шығарылуын тездететіндігі көрсетілген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтің кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Өте жиі
диспепсия, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш қату, метеоризм, диарея сияқты асқазан-ішек жолының аурулары
Жиі
бас ауыру
Жиі емес
анемия
аллергиялық реакциялар, анафилактоидты/анафилаксиялық реакцияларды қоспағанда
бас айналу, ұйқышылдық
вертиго
артериялық қысымның жоғарылауы, қан кернеулері
жасырын немесе айқын асқазан-ішектік қан кетулер, стоматит, гастрит, кекіру
бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, трансаминазалар немесе билирубин деңгейінің жоғарылауы)
ангионевроздық ісіну, қышыну, тері бөртпесі
натрийдің және судың іркілуі, гиперкалиемия, бүйрек функциясы көрсеткіштерінің өзгерулері (қан сарысуында креатинин және/немесе мочевина деңгейлерінің жоғарылауы)
ісіну, аяқтың ісінуін қоса
Сирек
қанның талдау көрсеткіштерінің қалыптан ауытқулары (лейкоцитарлық формуланың өзгерулерін қоса), лейкоцитопения, тромбоцитопения
көңіл-күйдің өзгеруі, түнгі қорқыныштар
көрудің бұлыңғырлануын қоса, көрудің бұзылулары, конъюнктивит
құлақтағы шуыл
жүректің қағу сезімі
ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСД-ге аллергиясы бар пациенттердегі демікпе
колит, асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, эзофагит
Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, есекжем
Өте сирек
асқазан-ішек жолының тесілуі
гепатит
буллезді дерматит, көп формалы эритема
бүйректің жедел жеткіліксіздігі, оның ішінде, қауіп факторлары бар пациенттерде
Жиілігі белгісіз
анафилактоидты/анафилаксиялық реакциялар
сананың шатасуы, бағдардан адасу
панкреатит
фотосенсибилизация
әйелдердегі бедеулік, овуляцияның болмауы
орныққан дәрілік бөртпе.
ҚҚСД қолданумен байланысты жүрек функциясының жеткіліксіздігі туралы мәлімделді.
Асқазан-ішектік қан кетулер, ойық жаралар немесе тесілулер әсіресе егде жастағы пациенттерде ауыр болуы немесе потенциалды өлімге әкелуі мүмкін.
Мелоксикамды және басқа да потенциалды миелоуытты заттарды қабылдаған пациенттерде агранулоцитоздың өте сирек жағдайлары туралы мәлімделді.
Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігіне әкелетін бүйрек жасушаларының зақымдануы: интерстициялық нефриттің, жедел тубулярлық некроздың, нефроздық синдромның және папиллярлық некроздың өте сирек жағдайлары туралы мәлімделді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.