+225 бонус

ЛОГЕСТ N21 драже

4500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гестоден и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Bayer Weimar GmbH and Co.KG.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 0,02 мг микрондалған этинилэстрадиол 0,075 мг микрондалған гестоден қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон 25, магний стеараты, қабық құрамы: сахароза, повидон 90, макрогол 6000, кальций карбонаты, тальк, монтангликоль балауызы.
Қолданылуы
- оральді контрацепция Логест® препаратын тағайындау шешімі, басқа біріктірілген гормональді контрацептивтермен салыстырғанда, веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) қауіп факторларын, сонымен бірге Логест® препаратына байланысты ВТЭ қаупін қоса, пациент әйелде болатын қауіп факторларын ескере отырып, қабылдануы тиіс
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген гормональді контрацептивтер келесі оқиғалар болғанда қолданылмауы тиіс. Егер осы жай-күйлердің біреуі біріктірілген гормональді контрацептивтер қабылдау аясында алғаш дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс: - веналық тромбоэмболия қаупі немесе оның болуы: • қазіргі уақыттағы (антикоагулянтты емде) немесе анамнездегі веналық тромбоэмболия (мысалы, терең веналар тромбозы немесе өкпе артериясының эмболиясы) • тұқым қуалау себебінен немесе жүре пайда болған веналық тромбоэмболияға бейімділік, мысалы, белсенділенген С протеиніне төзімділік (Лейден V факторын қоса), антитромбин ІІІ, протеин С немесе протеин S тапшылығы • иммобилизация ұзаққа созылатын ауқымды хирургиялық араласулар • көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын веналық тромбоэмболияның жоғары қаупі - артериялық тромбоэмболия қаупі немесе оның болуы: • қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболия (мысалы, миокард инфарктісі) немесе артериялық тромбоэмболия алдындағы жай-күйлер (мысалы, стенокардия) • цереброваскулярлы бұзылулар - қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі инсульт немесе цереброваскулярлы бұзылулар алдындағы жай-күйлер (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуылдар) • тұқым қуалау себебінен немесе жүре пайда болған артериялық тромбоэмболияға бейімділік, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидке қарсы антиденелер (кардиолипинге антиденелер және жегілік антикоагулянт) • анамнездегі ошақтық неврологиялық симптомдармен болатын бас сақинасы • көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын артериялық тромбоэмболияның жоғары даму қаупі, мысалы: тамыр асқынуларымен қант диабеті айқын артериялық гипертензия айқын дислипопротеинемия қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың ауыр аурулары, бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалыпқа түсуіне дейін қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі) диагностикаланған гормонға тәуелді қатерлі аурулар (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) немесе олардан күдіктену - генезі анықталмаған қынаптық қан кету - белсенді заттарға, сондай-ақ препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - шайқураймен үйлесімде қолдану - құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дасабувир бар дәрілік заттармен үйлесімде қолдану
Дозасы
Таблетканы күн сайын белгілі бір уақытта (егер қажет болса, аздаған су мөлшерімен) ішке қабылдау керек. Тәулігіне бір таблеткадан 21 күн бойы үзіліссіз қабылданады. Әр келесі қаптаманы қабылдау әдетте соңғы таблетканы қабылдаудың 2-3-ші күні басталып, жаңа қаптаманы қабылдау басталғанша аяқталмауы мүмкін тоқтатудан болатын қан кету байқалатын 7 күндік үзілістен соң басталады. Енгізу әдісі және жолы Ішке Логест® қабылдауды қалай бастау керек Алдыңғы айда қандай да бір гормональді контрацептивтер қабылдау болмағанда: Логест® қабылдау етеккір оралымының алғашқы күні басталады. Басқа эстроген-прогестинді контрацептивтерден (біріктірілген оральді контрацептивтен (БІК), қынаптық сақинадан, трансдермальді бұласырдан) ауысқанда: Логест® препаратын қабылдауды алдыңғы контрацептивтің құрамында соңғы белсенді таблеткасын қабылдаудан кейін келесі күні бастаған дұрыс немесе ең кешірегі – үзілістен кейін келесі күні. Қынаптық сақинадан немесе трансдермальді бұласырдан ауысқанда Логест® препаратын қабылдауды сақинаны немесе бұласырды алып тастаған күні бастаған дұрыс немесе ең кешірегі – келесі жоспарлы салынатын күні. Тек прогестинді контрацептивтерден (мини-пили, инъекциялық түрлер, имплантат) немесе гестагенді босатып шығаратын жатырішілік жүйеден (ЖІЖ) ауысқанда: Әйел микродозаланған контрацептивтен Логест® препаратына оралымның келесі күні көшуі тиіс, бұл орайда Логест® қабылдауды микродозаланған контрацептив қабылдауды тоқтатудан кейін келесі күні бастау керек. ЖІЖ немесе тек прогестинді имплантаттан ауысқанда Логест® препаратын қабылдауды алып тастаудан кейінгі келесі күні немесе инъекциялық контрацептивтің келесі инъекциясы жасалуы тиіс күні бастау керек. Барлық жағдайларда Логест® препаратын қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану қажет. Жүктіліктің бірінші триместріндегі аборттан кейін Әйел препарат қабылдауды дереу бастай алады. Осы шарт қадағаланғанда әйелге қосымша контрацептивтік қорғану қажет болмайды. Босанудан немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан соң Босанудан кейінгі ерте кезең тромбоэмболияның жоғары қаупімен астасқан; эстроген-прогестинді контрацептивтер қабылдауды босанудан соң немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейін 21-28 күн өтпей тұрып бастауға болмайды. Егер қабылдау босанудан немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан соң 28 күннен кешірек басталса, Логест® препаратын қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде қосымша контрацепциялық бөгеу әдісін пайдалану қажет. Алайда, егер Логест® препаратын қабылдау басталғанша жыныстық қатынас орын алса, оральді эстроген-прогестинді контрацептив қабылдауға дейін жүктілікті жоққа шығару немесе алғашқы етеккір келуін күту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.