+47 бонус

ЛИЗИНОПРИЛ-ТК 10 мг №30 таб

940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лизиноприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО ТК Фарм Актобе
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 10.89 мг лизиноприл дигидраты (лизиноприлге шаққанда 10.0 мг); қосымша заттар - маннит, кальций гидрофосфат дигидраты, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, магний стеараты.
Қолданылуы
артериялық гипертензияны емдеуде симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігін емдеуде - жедел миокард инфарктісінен кейін 24 сағат ішінде гемодинамикасы тұрақты пациенттерді қысқа мерзімді (6 апта) емдеуде -артериялық гипертензиясы және 2 типті қант диабеті және нефропатияның бастапқы сатысы бар пациенттерде бүйректің зақымдануын емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне немесе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) кез келген басқа тежегіштеріне жоғары сезімталдық қандай да бір АӨФ тежегішінен туындаған анамнездегі ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангиодема кардиогенді шок жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жағдай жедел миокард инфарктісі және бүйрек функциясының төмендеуі бар науқастар (креатинин клиренсі> 177 мкмоль/л және/немесе протеинурия >> 500 мг/24 сағат) гиперкалиемия сакубитрил / валсартан емімен Лизиноприл-ТК бір мезгілде қабылдау. Лизиноприл-ТК сакубитрил / валсартанның соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте басталмауы тиіс Лизиноприл-ТК препаратын құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарсы көрсетілімді (ШСЖ < 60 мл/мин/1.73 м2дене беткейінің ауданы).
Дозасы
Дозалану режимі Дозаны клиникалық көріністерге және препараттың артериялық қысымға әсеріне сәйкес жеке таңдаған жөн. Лизиноприл-ТК таблеткалары аз дозаларды алу үшін бөліктерге бөлуге жатпайды, сызық тек жұтылуға ыңғайлы болу үшін таблеткаларды бөлуге арналған. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Лизиноприл балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттер Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігінің жасына байланысты өзгерістер байқалмаған. Егер егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы төмендесе, онда бастапқы дозаны КК ескере отырып таңдау керек. Кейіннен дозаны артериялық қысымның өзгеруіне байланысты түзету қажет. Артериялық гипертензия Лизиноприл-ТК монотерапияда немесе гипотензивті препараттардың басқа кластарымен бірге қолданылуы мүмкін. Бастапқы доза Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза 10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің айқын белсенділенген пациенттерде (атап айтқанда, реноваскулярлық гипертензия кезінде, электролиттік сарқылуы және/немесе гиповолемиясы, жүрек қызметінің декомпенсациясы немесе ауыр артериялық гипертензиясы бар пациенттерде) бастапқы дозадан кейін артериялық қысымның анағұрлым айқын төмендеуі мүмкін. Мұндай пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза 2,5 - 5 мг құрайды, бұл ретте емді бастау қатаң медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігінде төменгі бастапқы дозаны қолдану ұсынылады. Демеуші доза Тиімді демеуші доза тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Әдетте, егер белгілі бір дозаны қолдану кезінде 2-4 апта ішінде қажетті емдік әсерге қол жеткізу мүмкін болмаса, дозаны одан әрі арттыруға болады. Ең көп қолданылатын доза тәулігіне 80 мг құрайды. Диуретиктер алатын пациенттер Лизиноприл-ТК препаратымен ем басталғаннан кейін симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін. Диуретиктер қабылдайтын пациенттерде симптоматикалық гипотензияның даму қаупі жоғары. Осы себепті мұндай пациенттерді емдеу кезінде электролиттердің жоғалу қаупіне және гиповолемияның дамуына байланысты сақ болу керек. Мүмкіндігінше, диуретиктерді Лизиноприл - ТК препаратымен емдеу басталғанға дейін 2-3 күн бұрын тоқтату керек. Диуретиктерді тоқтату мүмкін болмайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттерде Лизиноприл-ТК препаратымен емдеуді 5 мг дозадан бастаған жөн. Бұл бүйрек функциясы мен қан сарысуындағы калий мөлшерін бақылауды көрсетеді. Кейіннен Лизиноприл-ТК препаратының дозасын артериялық қысым деңгейіне байланысты түзетуге болады. Қажет болған жағдайда, диуретиктермен емдеуді қайта бастауға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердегі доза креатинин клиренсін (КК) ескере отырып, таңдалуы тиіс. Кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі дозаны түзету Креатинин клиренсі (мл/мин) Бастапқы доза (мг/тәулік) 31-80 10-30 <10 (гемодиализдегі науқастарды қоса)* 5-10 2,5-5 2,5* * Дозаны және/немесе қабылдау жиілігін артериялық қысым деңгейін ескере отырып таңдау керек. Дозаны артериялық қысымның қажетті мәндеріне жеткенге дейін немесе ең көбі тәулігіне 40 мг дейін арттыруға болады. Жүрек жеткіліксіздігі Симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Лизиноприл-ТК диуретиктерге және қажет болған жағдайда, оймақгүл препараттарына немесе бета-блокаторларға қосымша ем препараты ретінде қолданылуы керек. Бастапқы доза тәулігіне 1 рет 2,5 мг құрауы мүмкін, бұл ретте артериялық қысымға әсерін бағалау үшін емдеуді мұқият медициналық қадағалаумен бастау керек. Дозаны арттырған кезде мыналарды ескеру қажет: - дозаны арттыру қадамы 10 мг аспауы тиіс - дозаны арттыру арасындағы аралық 2 аптадан кем болмауы тиіс - дозаны ең жоғары көтерімдіге дейін арттыру қажет, бірақ тәулігіне 1 рет 35 мг артық емес. Дозаны түзету клиникалық әсерге байланысты жеке жүргізіледі. Симптоматикалық гипотензия қаупі жоғары пациенттерде, мысалы, тұздардың сарқылуы және/немесе гипонатриемиясы бар пациенттерде, гиповолемиясы бар пациенттерде немесе күшті диуретиктер алатын пациенттерде мүмкіндігінше Лизиноприл-ТК препаратын тағайындағанға дейін осындай факторларды түзету жүргізу қажет. Бүйрек функциясын мен қан сарысуындағы калий мөлшерін бақылау көрсетілген. Жедел миокард инфарктісі Пациенттер қажет болған жағдайда, тромболитиктер, аспирин және бета-блокаторлар сияқты стандартты ұсынылған препараттарды қабылдауы керек. Нитроглицеринді вена ішіне немесе трансдермальді түрде Лизиноприл-ТК препаратымен бірге қолдануға болады. Бастапқы доза (миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн) Лизиноприл-ТК препаратымен емдеу симптомдар пайда болғаннан кейін 24 сағат ішінде басталуы мүмкін. Емді систолалық артериялық қысымды 100 мм сын.бағ. төмен болған кезде бастауға болмайды. Лизиноприл-ТК препаратының бірінші дозасы – ішке 5 мг, содан кейін 24 сағаттан кейін 5 мг, 48 сағаттан кейін 10 мг, содан кейін тәулігіне 1 рет 10 мг. Систолалық қан қысымы төмен (120 мм сын.бағ. немесе одан төмен) пациенттерде, егер емдеу инфарктамиокардтан кейінгі алғашқы 3 күн ішінде басталса немесе жалғаса берсе, доза ішке қарай – 2,5 мг төмен болуы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде (креатинин клиренсі <80 мл/мин) Лизиноприл-ТК препаратының бастапқы дозасы КК-ға байланысты таңдалуы тиіс. Демеуші доза Демеуші доза тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Гипотензия дамыған жағдайда (систолалық артериялық қысым 100 мм сын. бағ.-нан кем немесе оған тең) тәуліктік демеуші доза қажет болған жағдайда 2,5 мг-ға дейін уақытша төмендетумен 5 мг құрауы мүмкін. Ұзаққа созылған артериялық гипотензия дамыған кезде (систолалық артериялық қысым 1 сағаттан астам уақыт бойы 90 мм сын. бағ.нан кем) Лизиноприл-ТК тоқтату қажет. Емдеуді 6 апта бойы жалғастыру керек, содан кейін пациенттің жағдайын қайта бағалау керек. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары дамыған пациенттер Лизиноприл-ТК препаратымен емдеуді жалғастыруы тиіс. Қант диабетінің бүйрек асқынулары Артериялық гипертензияға, 2 типті қант диабетіне және нефропатияның бастапқы сатысына шалдыққан пациенттерде доза тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды; отыруған қалпында өлшегенде 90 мм сын.бағ.-нан төмен диастолалық артериялық қысымға қол жеткізу үшін доза тәулігіне 1 рет 20 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде (креатинин клиренсі <80 мл/мин) Лизиноприл-ТК препаратының бастапқы дозасы КК-ға байланысты таңдалуы тиіс. Бүйрегі трансплантацияланған пациенттер Бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттерде лизиноприлді қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан мұндай пациенттерге Лизиноприл-ТК препаратымен емдеу ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке тағайындайды. Таблеткаларды су ішіп қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Лизиноприл-ТК ішке тәулігіне 1 рет қабылданады. Күніне 1 рет тағайындалған басқа препараттарды қолданғандағыдай, лизиноприлді күн сайын бір уақытта қабылдау керек. Лизиноприл-ТК препаратының сіңуі тамақ ішуге байланысты емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.