+83 бонус

ЛИЗИНОПРИЛ-ТЕВА 10 мг №30 таблеток

1660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лизиноприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Merckle GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - лизиноприл дигидраты, 5,44 мг, 10,89 мг немесе 21,78 мг, сусыз лизиноприлге баламалы 5 мг, 10 мг, 20 мг, қосымша заттар - маннитол, кальций гидрофосфаты дигидраты, желатинделген крахмал, қызылдау-қоңыр РВ-24823 бояғышы ((тек 10 мг және 20 мг доза үшін): темірдің қызыл тотығы, темірдің қара тотығы, темірдің сары тотығы ), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда - жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінде (диуретиктермен және жүрек гликозидтерімен кешенді ем құрамында) - 6 апта бойы тұрақты гемодинамикасы бар пациенттерде жедел миокард инфарктісінде (алғашқы 24 сағаттан бастап) - екінші типті қант диабетіне ұшыраған және гипертензиясы мен бастапқы нефропатиясы бар пациенттерде бүйрек зақымданғанда
Қарсы көрсетілімдер
- Лизиноприл-Тева препаратына, препараттың басқа компоненттеріне, немесе кез келген басқа АӨФт аса жоғары сезімталдық. - анамнезіндегі бұның алдында АӨФт емдеуге байланысты ангионевроздық ісіну. - тұқым қуалайтын және идиопатиялық Квинке ісінуі. - жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрі. - қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану - бір мезгілде сакубитрил/валсартанмен қолдану. - 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Лизиноприлді бір уақытта тәулігіне 1 рет ішке қабылдайды. Лизиноприлдің сіңуі тамақ ішуге байланысты емес. Дозаны жеке пациенттің ерекшеліктеріне және артериялық қысым реакциясына байланысты жекелей есептеген жөн. Артериялық гипертензия Лизиноприл препаратын монотерапия ретінде, сондай-ақ гипертензияға қарсы басқа кластың дәрілермен біріктіріп те қолдануға болады. Бастапқы доза Артериялық гипертензиясы бар пациенттер үшін лизиноприлдің ұсынылатын бастапқы дозасы 10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі өте белсенді пациенттерде (әсіресе реноваскулярлы артериялық гипертензиясы бар, және организмнен тұздардың шығарылуы жоғарылаған және/немесе жасушаарлық сұйықтық көлемі тапшы болатын, жүрек функциясының жеткіліксіздігі немесе артериялық гипертензияның ауыр түрі бар пациеттерде) бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осындай пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 2,5-5 мг құрайды, және емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар болған жағдайда бастапқы дозаны төмендеткен жөн. Емдік доза Лизиноприлдің әдеттегі тиімді емдік дозасы тәулігіне 20 мг құрайды. Егер бұл дозаны тағайындау препаратты көрсетілген дозада 2-4 апта бойы қабылдаудан жеткілікті емдік әсер тудырмаса, оны арттыруға болады. Ұзақ бақыланатын клиникалық зерттеулерде қолданылған ең жоғары доза тәулігіне 80 мг құрады. Диурездік препараттарды қабылдайтын пациенттер Симптоматикалық артериялық гипотензия лизиноприл қолданғаннан кейін дамуы мүмкін. Бұл бір мезгілде диуретиктер қабылдайтын пациенттер үшін ықтималдығы зор. Сондықтан мұндай пациенттерге жасушааралық сұйықтық көлемі төмендеуінің және/немесе организмнен тұздардың шығарылуы жоғарылау ықтималдығы болуына байланысты, препаратты сақтықпен қабылдау ұсынылады. Диуретиктермен емдеуді лизиноприл препаратымен емдеуді бастаудан 2-3 күн бұрын тоқтату қажет. Диуретиктерді қолдануды тоқтатуға болмайтын, артериялық гипертензиясы бар пациенттер үшін лизиноприлмен емдеу бастапқы 5 мг дозадан бастау керек. Бүйрек функциясын және қан плазмасындағы калий деңгейін бақылау қажет. Лизиноприлдің кейінгі дозаларын артериялық қысымның реакциясына қарай таңдау қажет. Егер қажет болса, диуретиктермен емдеуді қайтадан бастауға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозаны таңдау. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозалау креатинин клиренсі (КК) деңгейіне негізделуі тиіс. КК 10 мл/мин аз болғанда (гемодиализдегі науқастарды қоса) КК 10-30 мл/мин - 2,5-5 мг, КК 31-80 мл/мин - 5-10 мг болғанда бастапқы доза 2,5 мг/тәулік. Дозаны және/немесе қабылдау жиілігін артериялық қысым реакцияларының көрсеткіштеріне қарай есептеу қажет. Дозаны артериялық қысым қалпына келгенше немесе лизиноприлдің ең жоғары дозасы тәулігіне 40 мг жеткізілгенге дейін біртіндеп арттыруға болады. Гипертензиядан зардап шегіп жүрген 6-дан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану Ұсынылатын бастапқы доза 20-дан < 50 кг-ға дейінгі пациенттерде күніне бір рет 2,5 мг және ≥ 50 кг пациенттерде күніне бір рет 5 мг құрайды. Доза салмағы 20-дан < 50 кг-ға дейінгі пациенттерде ең көп дегенде 20 мг-ға дейін және ≥ 50 кг пациенттерде 40 мг жеке түзетілуі тиіс. Педиатриялық пациенттерде 0,61 мг/кг жоғары (немесе 40 мг асатын) дозалар зерттелмеген. Бүйрек функциясы төмен балаларда бастапқы дозаны немесе доза аралығын арттыру керек. Жүрек жеткіліксіздігі Симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде лизиноприлді диуретиктерге қосымша ем ретінде және орынды болған кезде дигиталиспен немесе бета-блокаторлармен бірге қабылдау керек. Лизиноприлмен емдеуді тәулігіне 1 рет 2,5 мг дозадан бастауға болады, препаратты қабылдауды препараттың артериялық қысымға бастапқы әсерін анықтау үшін дәрігерлік бақылаумен жүзеге асыру қажет. Лизиноприл дозасын келесі тәртіппен арттыру қажет: • біртіндеп 10 мг лизиноприлге дейін • дозаны арттыру арасындағы аралық кем дегенде 2 аптаны құрауы тиіс • пациент көтере алатын, алайда тәулігіне 1 рет 35 мг лизиноприлден аспайтын ең жоғары дозаға жеткенге дейін Дозаны жеке пациенттердің клиникалық реакциясына сәйкес таңдаған жөн. Симптоматикалық гипотензия қаупі жоғары науқастарға, мысалы, организмнен (гипонатриемиялы/онсыз) тұздардың шығарылу деңгейі жоғары адамдарға, гиповолемиясы бар пациенттерге немесе диуретиктермен қарқынды емдеуден кейін, егер мүмкін болса, лизиноприлмен емдеуді бастағанға дейін, өзінің денсаулық жағдайын жақсартқаны жөн. Бүйрек фукциясына және қан плазмасындағы калий деңгейіне зерттеу жүргізу қажет. Жедел миокард инфарктісі Қажет болған жағдайда пациент стандартты емделуден, мысалы, тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен және бета-блокаторлармен емделуден өтуі тиіс. Лизиноприлмен бірге нитроглицеринді вена ішіне немесе трансдермальді қолдануға болады. Бастапқы доза (инфарктен кейінгі алғашқы 3 күн) Лизиноприлмен емдеуді симптомдар пайда болғаннан кейін 24 сағат ішінде бастауға болады. Емдеуді, егер систолалық артериялық қысым көрсеткіштері 100 мм с. б.-дан төмен болса, бастамаған жөн. Лизиноприлдің бастапқы дозасы пероральді түрде 5 мг, содан соң 24 сағаттан кейін 5 мг, 48 сағаттан кейін 10 мг және әрі қарай тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Систолалық артериялық қысымы төмен (120 мм с. б. немесе төмен) пациенттер емнің басында немесе емдеу барысында миокард инфарктісінен кейін алғашқы 3 күнде өте төмен дозаны (2,5 мг пероральді) қабылдауы тиіс. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <80 мл/мин) лизиноприлдің бастапқы дозасын пациенттің КК көрсеткіштеріне сәйкес таңдау қажет. Емдік доза Емдік доза тәулігіне 1 рет 10 мг лизиноприлді құрайды. Гипотензия (систолалық артериялық қысым ≤100 мм с. б.) туындаған жағдайда лизиноприлдің емдік дозасы тәулігіне 5 мг-ге дейін төмендеуі мүмкін. Қажет болған жағдайда лизиноприлдің дозасын тәулігіне 2,5 мг-ге дейін азайтуға болады. Егер лизиноприлді қабылдағаннан кейін ұзаққа созылатын гипотензия байқалса (систолалық артериялық қысым <90 мм с. б.-дан төмен 1 сағаттан астамға сақталса), лизиноприл препаратын қолданып емдеуді тоқтату қажет. Емдеуді 6 апта бойы жүргізген жөн. Содан кейін пациенттің жағдайын тексеру қажет. Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің симптомдары бар пациенттерге лизиноприлмен емдеуді әрі қарай жалғастыру қажет. Қант диабетінде бүйрек тарапынан асқынулар Артериялық гипертензиясы, ІІ типті қант диабеті және нефропатияның бастапқы сатысы бар науқастар үшін лизиноприл дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Қажет болған жағдайда диастолалық артериялық қысымды 90 мм с. б.-ден төменге жеткізу үшін оны тәулігіне 1 рет 20 мг лизиноприлге дейін арттыруға болады. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде (КК<80 мл/мин) лизиноприлдің бастапқы дозасын пациенттің КК көрсеткіштеріне сәйкес таңдаған жөн. Балалар мен жасөспірімдер Гипертензиядан зардап шегетін 6 жастан асқан балалар үшін препаратты қабылдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты тек шектеулі тәжірибе бар және қолданылуы бойынша өзге де көрсеткіштер үшін ондай жоқ. Лизиноприл препаратын артериялық гипертензиядан басқа, өзге көрсеткіштері бар балаларға қолдану ұсынылмайды. Лизиноприлді 6 жастан кіші балаларға немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (шумақтық сүзілу жылдамдығы <30 мл/мин/1,73 м2) бар балаларға қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы адамдарда қолдану Клиникалық сынақтарда препараттың жасқа байланысты тиімділігі мен қауіпсіздігінің өзгерістері анықталған жоқ. Алайда бүйрек функциясының төмендеуімен астасқан жасқа жеткен кезде лизиноприлдің бастапқы дозасын келтірілген нұсқауларға сәйкес таңдау қажет. Осыдан кейін дозаны артериялық қысымның көрсеткіштеріне сәйкес таңдау қажет. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастар. Лизиноприл препаратын бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ. Демек, мұндай пациенттерді лизиноприлмен емдеу ұсынылмайды Енгізу әдісі мен жолы Лизиноприл-Тева таблеткаларын тәулігіне 1 рет ішке қабылдайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.