+21 бонус

Лизиноприл-ЛФ таб 10 мг №30

435 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лизиноприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ООО Лекфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетка құрамында белсенді зат - 5 мг, 10 мг және 20 мг лизиноприл дигидраты; қосымша заттар: маннит, жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты, кальций гидрофосфат дигидраты.
Қолданылуы
артериялық гипертензия симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі тұрақты гемодинамика жағдайында жедел миокард инфарктісінен кейінгі жай-күйде алғашқы 24 сағатта қысқа мерзімді ем ретінде қант диабетінің 2 типімен және нефропатияның бастапқы сатысындағы артериялық гипертензия бар пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігі.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе құрамында тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ангиотензин өзгертуші ферменттің (АӨФ) кез келген басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық анамнезде осының алдындағы АӨФ тежегіштерімен емдеуге байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ< 60 мл/мин/1.73 м2 дене беткейі ауданына) бар пациенттерде Лизиноприл-ЛФ препаратын құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану; II және III триместрлердегі жүктілік кезеңі және бала емізу кезеңі 6 жасқа дейінгі балалар жасында.
Дозасы
Дозаны клиникалық көріністерге және препараттың гипертензияға қарсы әсер ету айқындылығына сәйкес әркімге жеке таңдау керек. Артериялық гипертензия Лизиноприл-ЛФ препаратын монотерапияда немесе басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілімде қолдануға болады. Бастапқы доза Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза 10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігі жоғары пациенттерде (атап айтқанда, электролиттік сарқылуы және/немесе гиповолемиясы, жүрек қызметінің декомпенсациясы немесе ауыр артериялық гипертензиясы бар пациенттерде, реноваскулярлы гипертензияда) бастапқы дозаны қабылдаудан кейін артериялық қысым өте айқын төмендеуі мүмкін. Осындай пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза 2.5-5 мг құрайды, осы орайда емнің басталуы қатаң медициналық қадағалаумен жүргізілуі тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігінде өте төмен бастапқы дозаны қолдану ұсынылады (төменнен 1 кестені қараңыз). Демеуші доза Тиімді демеуші доза тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Егер, әдетте, белгілі бір дозаны қолдану кезінде 2-4 апта ішінде қалаулы емдік әсеріне жетудің сәті түспесе, одан әрі дозаны арттыруға болады. Ұзақ мерзімді бақыланатын клиникалық зерттеулерде пайдаланылатын ең жоғары доза 80 мг/тәулік құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Диуретиктер қабылдайтын пациенттер Лизиноприл-ЛФ препаратымен ем басталған соң симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін. Симптоматикалық гипотензияның даму қаупі диуретиктер қабылдап жүрген пациенттерде жоғары. Сол себепті, осындай пациенттерді емдегенде сақ болу керек, өйткені ондай пациенттерде гиповолемия мен электролиттер жоғалтуды байқауға болады. Мүмкіндігінше, Лизиноприл-ЛФ препаратымен емнің басталуына дейін 2-3 күн бұрын диуретиктерді тоқтату керек. Диуретиктерді тоқтатуға болмайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттерде Лизиноприл-ЛФ препаратымен емдеуді 5 мг дозадан бастау керек. Осы орайда бүйрек функциясын және қан сарысуында калий мөлшерін бақылау көрсетілген. Лизиноприл-ЛФ препаратының келесі дозасын артериялық қысым деңгейіне қарай түзетуге болады. Қажет болса, диуретиктермен емдеуді жаңғыртуға болады. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету Доза бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде креатинин клиренсі (КК) есебімен таңдалуы тиіс (1 кестені қараңыз). 1 кесте. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету Креатинин клиренсі (мл/мин) Бастапқы доза (мг/тәулік) 10 мл/минуттан аз (диализде жүрген пациенттерді қоса) 2.5 мг* 10-30 мл/мин 2.5-5 мг 31-80 мл/мин 5-10 мг * Дозаны және/немесе қабылдау жиілігін артериялық қысым деңгейі есебімен таңдау керек. Дозаны артериялық қысымның қалаулы мәндеріне жеткенше немесе ең жоғары 40 мг/тәулікке дейін арттыруға болады. Артериялық гипертензиясы бар 6-16 жастағы балалар Ұсынылатын бастапқы доза дене салмағы 20-50 кг пациенттерде тәулігіне 1 рет 2.5 мг және дене салмағы ≥50 кг пациенттерде тәулігіне 1 рет 5 мг құрайды. Дозаны дене салмағы 20-50 кг пациенттерде ең жоғары 20 мг/тәулікке және дене салмағы ≥50 кг пациенттерде 40 мг дейін әркімге жеке таңдау керек. Балалардың қатысуымен зерттеулерде 0.61 мг/кг дене салмағынан жоғары (немесе 40 мг) дозаларды зерттеу жүргізілмеді. Бүйрек функциясы төмендеген балаларда бастапқы аз дозаны тағайындау немесе дозаны көбейту арасындағы үзілістерді ұзарту қажет. Жүрек жеткіліксіздігі Симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Лизиноприл-ЛФ препаратын диуретиктерге және, қажет болса, оймақгүл препараттарына немесе бета-адреноблокаторларға қосымша ем препараты ретінде қолдану керек. Бастапқы доза тәулігіне 1 рет 2.5 мг құрауы мүмкін, осы орайда емдеуді артериялық қысымға әсерін бағалау үшін мұқият медициналық қадағалаумен бастау керек. Дозаны арттырғанда мынаны ескеру керек: дозаны арттыру қадамы 10 мг мөлшерден аспауы тиіс; дозаны арттыру арасындағы үзіліс 2 аптадан кем болмауы тиіс; дозаны ең жоғары жағымды дозаға дейін, бірақ тәулігіне 1 рет 35 мг- ден асырмай арттыру қажет. Дозаны түзету клиникалық әсеріне қарай әркімге жеке жүргізіледі. Симптоматикалық гипотензия қаупі жоғары пациенттерде, мысалы, электролиттік сарқылуы және/немесе гипонатриемиясы бар пациенттерде, гиповолемиясы бар пациенттерде немесе қуатты диуретиктер қабылдап жүрген пациенттерде, мүмкіндігінше, Лизиноприл-ЛФ препараты тағайындалғанша осындай факторларға түзету жүргізілу керек. Бүйрек функциясын және қан сарысуындағы калий мөлшерін бақылау көрсетілген. Жедел миокард инфарктісі Пациенттер, қажет болса, тромболитиктер, аспирин және бета-адреноблокаторлар сияқты стандартты ұсынылатын препараттарды қабылдауы тиіс. Лизиноприл-ЛФ препаратымен бір мезгілде нитроглицеринді вена ішіне немесе трансдермальді қолдануға болады Бастапқы доза (миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн) Лизиноприл-ЛФ препаратымен емдеуді симптомдар білінгеннен кейін 24 сағат ішінде бастауға болады. Емді систолалық артериялық қысым 100 мм сын. бағ. аз кезде бастауға болмайды. Лизиноприл-ЛФ препаратының бірінші дозасы – ішке 5 мг, одан кейін 24 сағат өткен соң 5 мг, 48 сағаттан соң 10 мг және артынан тәулігіне 1 рет 10 мг. Систолалық артериялық қысымы төмен (120 мм сын. бағ. немесе төмен) пациенттерде егер емдеу миокард инфарктісінен кейін алғашқы 3 күн ішінде басталса немесе жалғасса, доза ішке 2.5 мг мөлшерден төмен болуы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) болғанда Лизиноприл-ЛФ препаратының бастапқы дозасы КК бойынша таңдалуы тиіс (1 кестені қараңыз). Демеуші доза Демеуші доза тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Гипотензия дамыған жағдайда (систолалық артериялық қысым 100 мм сын. бағ. аз немесе тең) тәуліктік демеуші доза, қажет болса, 2.5 мг дейін уақытша төмендетумен 5 мг құрауы тиіс. Ұзаққа созылатын артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 1 сағаттан астам уақыт ішінде 90 мм сын. бағ. аз) дамығанда Лизиноприл-ЛФ препаратын тоқтату қажет. Емдеуді 6 апта бойы жалғастыру, ал одан кейін пациенттің жай-күйін қайта бағалау жүргізу керек. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары дамыған пациенттер Лизиноприл-ЛФ препаратымен емделуді жалғастыруы тиіс. Қант диабетінің бүйректік асқынулары Артериялық гипертензиясы, 2 типті қант диабеті және нефропатияның бастапқы сатысы бар пациенттерде доза тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды; дозаны, қажет болса, отырған қалыпта өлшегенде 90 мм сын. бағ. төмен диастолалық артериялық қысымға жету үшін тәулігіне 1 рет 20 мг дейін арттыруға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <80 мл/мин) болғанда, Лизиноприл-ЛФ препаратының бастапқы дозасы КК бойынша таңдалуы тиіс (1 кестені қараңыз). Енгізу әдісі және жолы Лизиноприл-ЛФ препараты тәулігіне 1 рет ішке қабылданады. Тәулігіне 1 рет тағайындалған басқа препараттарды қолдану кезіндегі сияқты, лизиноприл күн сайын белгілі бір уақытта қабылдану керек. Лизиноприл-ЛФ препаратының сіңуі ас ішуге байланысты емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.