ЛИВАРОЛ 400 мг №5 супп

3500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетоконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АО "Нижфарм"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат – кетоконазол 400 мг, қосымша заттар: бутилгидроксианизол, макроголдар қоспасы: макрогол 1500, макрогол 400 – салмағы 3,0 г суппозиторий алғанға дейін.
Қолданылуы
жедел және созылмалы қайталанатын қынаптық кандидозда организмнің төзімділігі төмендегенде және бактерияларға қарсы дәрілермен және қынаптың қалыпты микрофлорасын бұзатын басқа да препараттармен емдеу аясында қынапта зеңдік инфекциялар туындауын профилактикалау
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық жүктілік бала емізу кезеңі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Қынапішілік. Суреттегі көрсетілгендей (әрбір суппозиторийдің пішінді ұяшықты қаптамасы арнайы «қанаттармен» жабдықталған, ол сізге суппозиторийлерді зақымдамай тез және оңай алуға мүмкіндік береді) пішінді қаптамадан суппозиторийді шығарыңыз. Арқаға жатқан қалпында суппозиторийді қынапқа тереңдетіп енгізіңіз. Емдеу ұзақтығы Аурудың ағымына байланысты 3-5 күн ішінде тәулігіне 1 суппозиторийден. Созылмалы кандидоз кезінде 10 күн ішінде тәулігіне 1 суппозиторийден қолданылады. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Егер сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар Бірлі-жарым жағдайларға қарағанда жиі кездесетін жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес көрсетілген: өте жиі (≥1/10); жиі ( ≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-ден <1/100 дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мүмкін емес). Жиілігі белгісіз аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем жергілікті реакциялар: гиперемия және қынаптық шырышты қабықтың тітіркенуі, қынаптың қышуы Сирек сексуалдық жұптастың жыныстық мүшесінің гиперемиясы және ауыруы Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.