+299 бонус

ЛИСТОРА 120 мг №42 капс

5990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Орлистат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - орлистат пеллеттері 50% 120 мг және 240 мг (60 мг және 120 мг орлистатқа баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон K30, натрий крахмалы гликоляты, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су**, капсуланың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), индиготин (Е 132), желатин. ** - дайын өнімде жоқ
Қолданылуы
60 мг Листора препараты артық дене салмағы бар (дене салмағының индексі (ДСИ) ≥ 28 кг/м2) пациенттерді емдеу үшін орташа гипокалориялық диетамен бірге көрсетілген. 12 апталық емнен кейін дене салмағының төмендеуі болмаған жағдайда, дәрігермен кеңескен жөн, мұндай жағдайларда препаратпен емдеуді тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін. 120 мг Листора препараты ДСИ ≥ 30 кг/м2, семіздігі бар пациенттерді немесе астасқан қауіп факторлары бар артық дене салмағы бар (ДСИ ≥ 28 кг/м2) пациенттерді емдеу үшін орташа гипокалориялық диетамен бірге көрсетілген. Бастапқы дене салмағымен салыстырғанда дене салмағы кем дегенде 5%-ға төмендемеген жағдайда, 12 аптаға созылған емнен кейін препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық циклоспоринмен бір мезгілде емдеу созылмалы мальабсорбция синдромы холестаз жүктілік және бала емізу кезеңі варфаринмен немесе басқа пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу
Дозасы
Ересектер Листора 60 мг: артық дене салмағы кезінде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 3 рет 1 капсуланы құрайды. 24 сағат ішінде препараттың 3-тен артық капсуласын қабылдауға болмайды. Диета мен дене жаттығулары салмақты төмендету бойынша бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Препаратты қабылдауды бастамас бұрын диета мен дене жаттығуларының бағдарламасын бастау және емдеу аяқталғаннан кейін жалғастыру ұсынылады. Емдеу ұзақтығы 6 айдан аспауы керек. Листора 120 мг: артық дене салмағы немесе семіздік кезінде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 3 рет 1 капсуланы құрайды, тәулігіне 3 рет 120 мг асатын дозалар препараттың емдік әсерін күшейтпейді. Пациент құрамында майлар түрінде 30% калориядан аспайтын теңдестірілген, орташа гипокалориялық диетаны ұстануы керек (мысалы, тәулігіне құрамында 2000 ккал бар рационда, бұл < 67 г майға сәйкес келеді). Жемістер мен көкөністерге бай диетаны ұстану ұсынылады. Майларды, көмірсулар мен ақуыздарды тәуліктік тұтынуды үш негізгі ас ішуге бөлу керек. Орлистаттың әсері дозаны қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан соң нәжістегі май концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Емді тоқтатқаннан кейін 48-72 сағат ішінде нәжістегі майдың мөлшері әдетте емдеу басталғанға дейінгі деңгейге оралады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан) Егде жастағы пациенттерде орлистатты қолдану туралы деректер шектеулі. Алайда, орлистаттың сіңуі мейлінше аз болғандықтан, егде жастағы пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде орлистаттың әсері зерттелмеген. Орлистаттың сіңуі минималды болғандықтан, бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес. Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препаратты қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Енгізу әдісі және жолы Препаратты тікелей әрбір негізгі ас ішу алдында, кезінде немесе одан кейін бір сағаттан кешіктірмей, су іше отырып қабылдайды. Егер тамақ ішпесе немесе тағамның құрамында май болмаса, онда препарат қабылдауды өткізіп жіберу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.