+447 бонус

ЛИПРИМАР ST 20 мг №30 таб

8950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аторвастатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пуэрто-Рико
  • Өндіруші: Pfizer Pharmaceuticals LLC
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 10,85 мг, 21,70 мг, 43,40 мг және 86,80 мг кальций аторвастатинi тиісінше 10 мг, 20 мг, 40 мг және 80 мг аторвастатинге баламалы, қосымша заттар: кальций карбонаты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, полисорбат 80, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, үлбірлі жабыны: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 8000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, 30 % симетикон эмульсиясы (симетикон - 32,00 %, эмульгацияланған стеарат - 6,8 %, қоюландырғыш - 2,6 %, бензой қышқылы - 0,2 %, сорбин қышқылы - 0,1% суда, күкірт қышқылы - 0.04 %).
Қолданылуы
Липримар ST™ препараты: Қауіпті төмендету үшін қолданылады: Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) дамуының көптеген қауіп факторлары бар, бірақ клиникалық тұрғыдан айқын ЖИА жоқ ересек пациенттердегі миокард инфарктісінде (МИ), инсультте, реваскуляризация емшараларында және ересктердегі стенокардияда. ЖИА дамуының көптеген қауіп факторлары бар, бірақ клиникалық тұрғыдан айқын ЖИА жоқ, 2 типті қант диабетімен ересек пациенттерде миокард инфарктісі мен инсультте. Клиникалық тұрғыдан айқын ЖИА бар ересек пациенттердегі өліммен аяқталмайтын миокард инфарктісінде, өліммен аяқталатын және аяқталмайтын инсультте, реваскуляризация емшараларында, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі мен стенокардияға қатысты ауруханаға жату кезінде. Пациенттердің келесі санаттарында тығыздығы төмен липопротеиндер холестеринінің (ТТЛП ХС) деңгейін төмендету үшін диетаға қосымша ретінде қолданылады: Бастапқы гиперлипидемиясы бар ересек пациенттерде. Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы (ГеОГХС) бар ересек пациенттер мен 10 жас шамасындағы және одан үлкен балаларда. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы (ГоОГХС) бар ересек пациенттер мен 10 жас шамасындағы және одан үлкен балаларда ТТЛП ХС деңгейін төмендететін басқа емдеу әдістеріне қосымша ретінде, немесе егер ондай емдеу әдістері қолжетімсіз болса, ТТЛП ХС деңгейін төмендету үшін бөлек қолданылады. Келесі патологиясы бар ересек пациенттерді емдеу үшін диетаға қосымша ретінде қолданылады: Бастапқы дисбеталипопротеинемия. Гипертриглицеридемия.
Қарсы көрсетілімдер
• Бүйректің жедел жеткіліксіздігі немесе декомпенсацияланған бауыр циррозы. • Әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Анафилаксияны, ангионевроздық ісінуді, полиморфты эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды.
Дозасы
Дозалануы жөніндегі маңызды ақпарат • Липримар ST™ препаратын ас ішуге байланыссыз, тәуліктің кез келген уақытында күніне бір рет пероральді қабылдау керек. • Егер бұл клиникалық тұрғыдан талапқа сай келетін болса, ТТЛП ХС деңгейін Липримар ST™ препаратын қабылдау басталғаннан кейін 4 аптадан соң бағалау және қажет болған жағдайда дозасын түзету керек. Ересек пациенттер үшін ұсынылатын дозасы Липримар ST™ препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10-нан 20 мг дейін құрайды. Дозаларының диапазоны күніне бір рет 10-нан 80 мг дейін құрайды. ТТЛП ХС деңгейін 45 %-дан артыққа төмендету қажет пациенттерге қабылдауды күніне бір рет 40 мг дозасынан бастауға болады. 10 жас шамасындағы және одан үлкен, ГеОГХС бар балалар үшін ұсынылатын дозасы Липримар ST™ препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Дозаларының диапазоны күніне бір рет 10-нан 20 мг дейін құрайды. 10 жас шамасындағы және одан үлкен, ГоОГХС бар балалар үшін ұсынылатын дозасы Липримар ST™ препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10-нан 20 мг дейін құрайды. Дозаларының диапазоны күніне бір рет 10-нан 80 мг дейін құрайды. Дәрілермен өзара әрекеттесуіне байланысты дозасын өзгерту Липримар ST™ препаратын келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану Липримар ST™ препаратының дозасын түзетуді қажет етеді («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Вирусқа қарсы препараттар • Саквинавир плюс ритонавир, дарунавир плюс ритонавир, фосампренавир, фосампренавир плюс ритонавир, элбасвир плюс гразопревир немесе летермовирді қабылдап жүрген пациенттерде, Липримар ST™ препаратының дозасы күніне бір рет 20 мг аспауы тиіс. • Нелфинавирді қабылдап жүрген пациенттерде, Липримар ST™ препаратының дозасы күніне бір рет 40 мг аспауы тиіс. Зеңге қарсы жекелеген азолдық препараттар немесе макролидтік антибиотиктер • Кларитромицинді немесе итраконазолды қабылдап жүрген пациенттерде, Липримар ST™ препаратының дозасы күніне бір рет 20 мг аспауы тиіс. Липримар ST™ препаратының вирусқа қарсы басқа препараттармен, зеңге қарсы азолдық препараттармен немесе макролидтік антибиотиктермен бір мезгілде қолданылуына қатысты қосымша ұсынымдар «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімінде келтірілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.