+400 бонус

ЛИПЕРТАНС 20 мг/10 мг/5 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
8000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аторвастатин, амлодипин и периндоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Les Laboratoires Servier Industrie
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетка құрамында белсенді заттар: 10 мг/5 мг/5 мг таблеткалар: 10,82 мг аторвастатин кальций тригидраты, ол 10 мг аторвастатинге баламалы, 5 мг периндоприл аргинині, ол 3,40 мг периндоприлге сәйкес және 6,94 мг амлодипин бесилаты, ол 5  мг амлодипинге сәйкес 20 мг/5 мг/5 мг таблеткалар: 21,64 мг аторвастатин кальций тригидраты, ол 20 мг аторвастатинге баламалы, 5 мг периндоприл аргинині, ол 3,40 мг периндоприлге сәйкес және 6,94 мг амлодипин бесилаты, ол 5 мг амлодипинге сәйкес 20 мг/10 мг/5 мг таблеткалар: 21,64 мг аторвастатин кальций тригидраты, ол 20 мг аторвастатинге баламалы, 10 мг периндоприл аргинині, ол 6,79 мг периндоприлге сәйкес және 6,94 мг амлодипин бесилаты, ол 5 мг амлодипинге сәйкес 20 мг/10 мг/10 мг таблеткалар: 21,64 мг аторвастатин кальций тригидраты, ол 20 мг аторвастатинге баламалы, 10 мг периндоприл аргинині, ол 6,79 мг периндоприлге сәйкес және 13,87 мг амлодипин бесилаты, ол 10  мг амлодипинге сәйкес 40 мг/10 мг/10 мг таблеткалар: 43,28 мг аторвастатин кальций тригидраты, ол 40 мг аторвастатинге баламалы, 10 мг периндоприл аргинині, ол 6,79 мг периндоприлге сәйкес және 13,87 мг амлодипин бесилаты, ол 10  мг амлодипинге сәйкес қосымша заттар: кальций карбонаты (E170), лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (Е460), натрий крахмал гликолаты (А типі), гидроксипропилцеллюлоза (E463), мальтодекстрин, магний стеараты (E572) үлбірлі қабық құрамы: глицерин (E422), гипромеллоза (E464), макрогол 6000, магний стеараты (E572), титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (E172)
Қолданылуы
- біріктірілген препараттағыдай, бірақ жеке препараттар ретінде, дәл сол дозасында бір мезгілде қолдану кезінде аторвастатин, периндоприл және амлодипин көмегімен жай-күйі талапқа сай бақыланатын ересек пациенттерде бастапқы гиперхолестеринемиямен немесе аралас гиперлипидемиямен байланысты эссенциялық гипертензияны және/немесе тұрақты ишемиялық жүрек ауруын емдеу үшін орын басу емі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, АӨФ тежегіштеріне, дигидропиридин туындыларына, статиндерге немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық белсенді сатыдағы бауыр ауруы немесе генезі белгісіз сарысудағы трансаминазалар деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен артық тұрақты жоғарылауы жүктілік, бала емізу немесе бала тууға қабілетті әрі тиімді контрацепция құралдарын қолданбайтын әйелдерде қолдану C гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттармен, глекапревир және пибрентасвирмен бір мезгілде қолдану ауыр гипотензия шок (оның ішінде кардиогенді шок). сол жақ қарыншадан шығу жолының обструкциясы (мысалы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия және жоғары дәрежедегі қолқа стенозы) жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі осының алдында АӨФ тежегіштерімен емдеуге байланысты ангионевроздық ісінудің (Квинке ісінуінің) анамнезде болуы тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м²) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттарды бір мезгілде қолдану сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил мен валсартан соңғы дозасын қабылдау және Липертанс® препаратымен емдеуді бастау арасында 36 сағаттан кем емес үзілісті қадағалау қажет қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына алып келетін экстракорпоральді емдеулер бүйрек артериясының елеулі екі жақты стенозы немесе жұмыс істейтін жалғыз бүйрек артериясының стенозы тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды
Дозасы
Әдеттегі доза — күнделікті күніне бір рет 1 таблетка. Бекітілген дозаларын біріктіру бастапқы емге сай келмейді. Егер дозалау режимін өзгерту қажет болса, жекелеген компоненттерін титрлеу керек. Липертанс® препаратымен C гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар - элбасвир мен гразопревирді немесе цитомегаловирустық инфекция профилактикасына арналған летермовирді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде Липертанс® препаратының құрамындағы аторвастатин дозасы 20 мг/тәуліктен аспауы тиіс. Липертанс® препаратын летермовирді циклоспоринмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі 60 мл/мин құрайтын пациенттердің Липертанс® қабылдауына болады, бірақ ол креатинин клиренсі < 60 мл/мин пациенттерге сай келмейді. Осы пациенттер үшін монокомпоненттерінің дозаларын әркімге жеке титрлеу ұсынылады. Егде жастағы пациенттер Липертанс® препаратымен егде жастағы пациенттерді бүйрек функциясына қарай емдеуге болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде Липертанс® сақтықпен қолданылу керек. Бауыр ауруы белсенді сатыдағы пациенттерге Липертанс® қарсы көрсетілімді. Балалар және жасөспірімдер Липертанс® препаратының балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Деректер жоқ. Сондықтан препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.