+129 бонус

ЛИОТОН 1000 30 г гель Гепарин

2580 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гепарин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: А. Менарини Индустриэ Фармачеутикэ Риунитэ С.р.л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гель құрамында Белсенді зат -100 000 ХБ натрий гепарині Қосымша заттар: Карбомер, метилпарагидроксибензоат (E218), пропилпарагидроксибензоат (E216), этанол, нероли хош иістендіргіші (құрамында линалоол, D-лимонен, гераниол, цитраль, цитронеллол және фарнезол бар), лавандин майы (құрамында линалоол, D-лимонен, гераниол және кумарин бар), триэтаноламин, тазартылған су. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Түссіз немесе сәл сарғыш реңкті жағымды иісі бар мөлдір дерлік тұтқыр консистенциялы гель.
Қолданылуы
Емдеу кезінде: - варикоз синдромын және оның асқынуларын, - флеботромбозды, - тромбофлебитті, - беткейлік перифлебитті, - варикоз ойық жараларды, - операциядан кейінгі ауырсынуды, - сафенэктомияның салдарын, - жарақаттар мен соғылуларды, - жергілікті ісінулер мен инфильтраттарды, - тері астылық гематоманы, - бұлшықет-сіңір және капсула-байлам аппаратының жарақаттық зақымдануларын.
Қарсы көрсетілімдер
гепариннің әсер етуші затына немесе «Құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Геморрагиялық синдром болғанда Лиотон® 1000 гель препаратын қолдану мүмкіндігін мұқият саралау керек. Лиотон® 1000 гельді қан кетулер кезінде қолдануға, ашық жаралы беткейлерге немесе шырышты қабықтарға, сондай-ақ іріңді үдерістер болғанда инфекция түскен жерлерге жағуға болмайды.
Дозасы
Зақымданған жерге тәулігіне 1-3 рет 3-10 см гель жағады және ысқылау қозғалыстармен абайлап сылайды. Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігін және тиісті деректердің жеткіліксіз мөлшерін ескере отырып, бұл препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Емдеу ұзақтығы Егер Сізде байқалған симптомдар нашарласа немесе 7 күннен кейін жақсару басталмаса, дәрігерге қаралыңыз. Артық дозалану жағдайында қабылданатын шаралар Артық дозалану жағдайлары белгіленбеді. Пайда болған жағдайда гепариннің әсерін протамин сульфатымен бейтараптандыруға болады. Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда денсаулық сақтау жүйесінің маманынан кеңес алу қажет. Дәрілік препаратты әдеттегі қолдану кезінде туындайтын жағымсыз әсерлердің сипаттамасы және тиісті қажетті шаралар Өте сирек (<1/10 000) - гепаринге аллергиялық реакциялар Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша орнату мүмкін емес) - жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін, мысалы, терінің қызаруы және қышыну, олар әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін тез жоғалады. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.