+1175 бонус

ЛИНОЗИД 2 мг/ мл 300 мл

9:00-ден кейін қолжетімді
23500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Линезолид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 300 мл ерітіндінің құрамы: белсенді зат – 600.0 мг линезолид қосымша заттар: декстроза моногидраты, натрий цитраты, сусыз лимон қышқылы, натрий гидроксиді, сұйылтылған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- Ауруханалық пневмонияда - Ауруханадан тыс пневмонияда Линозид препараты ересектерге, сезімтал грамоң бактериялардан туындағаны белгілі немесе болжамды ауруханадан тыс пневмония мен ауруханалық пневмонияны емдеуге арналған. Линозид препаратының қолайлы ем болып табылатындығы анықталған жағдайда, микробиологиялық зерттеулердің нәтижелерін немесе грамоң бактериялар арасында бактерияға қарсы препараттарға резистенттіліктің таралуы туралы ақпаратты ескеру керек. Линезолид грамтеріс қоздырғыштардан туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Грамтеріс патогендерге қарсы спецификалық ем. Егер грамтеріс қоздырғыштың бар екені құжат жүзінде расталса немесе күдік болса, грамтеріс микроорганизмдерге қарсы спецификалық емді бір мезгілде бастау керек. - Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында. Линозид ересектерге, егер микробиологиялық зерттеулерден инфекцияның сезімтал грамоң бактериялардан туындағаны анықталса, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларын емдеуге арналған. Линезолид грамтеріс патогендерден туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Линезолидті тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары бар, грамтеріс микроорганизмдермен қатарлас инфекция жұқтырғаны белгілі немесе болжамды пациенттерде тек, емнің баламалы нұсқалары болмаған жағдайларда ғана қолдану керек (4.4 бөлімін қараңыз). Мұндай жағдайларда грамтеріс микроорганизмдерге қарсы емді бір мезгілде бастау қажет. Линезолидті қабылдауды тек стационар жағдайларында және тиісті маманмен, мысалы, микробиологпен немесе инфекциялық аурулар жөніндегі маманмен кеңескеннен кейін ғана бастау керек. Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - препарат моноаминоксидаза А немесе В тежегіштерімен бір мезгілде және қабылдағаннан кейін екі апта бойы (фенелзин, изокарбоксазид, селегилин, моклобемид) қолданылмауы тиіс - емшек емізу кезеңі Егер пациентті мұқият бақылау және артериялық қысымды мониторингтеу мүмкін болмаса, Линозидті келесі қатарлас клиникалық жағдайлары бар пациенттерге немесе бір мезгілде мынадай дәрілік препараттармен тағайындауға болмайды: • бақыланбайтын артериялық гипертензия, феохромоцитома, карциноид, тиреотоксикоз, биполярлық депрессия, шизоаффективтік бұзылыс, қатты бас айналуы және сананың шатасуы. • келесі дәрілік препараттардың кез келгенімен бір мезгілде қабылдаған кезде: серотонинді кері қармау тежегіштері (4.4-бөлімді қараңыз), үшциклдық антидепрессанттар, серотониннің 5-НТ1-рецепторларының агонистері (триптандар), симпатомиметиктер (адренергиялық бронходилататорларды қоса, псевдоэфедрин, фенилпропаноламин), вазопрессорлар (эпинефрин, норэпинефрин), дофаминергиялық қосылыстар (допамин, добутамин), петидин немесе буспирон.
Дозасы
Емдеуді линезолидтің инфузиялық ерітіндісінен немесе қабықшамен қапталған таблеткалардан бастауға болады. Емнің басында препараты в/і тағайындаған пациенттерді кейіннен ішке қабылдау үшін кез келген дәрілік түрге ауыстыруға болады. Бұл жағдайда дозаны таңдау қажет емес, өйткені ішке қабылдаған кезде биожетімділік шамамен 100% құрайды. Ересектерге арналған ұсынылатын доза және емдеу ұзақтығы: Дозалау режимі мен емдеу ұзақтығы қоздырғышқа, инфекцияның орналасуы мен ауырлығына, сондай-ақ клиникалық тиімділігіне байланысты. Емдеу ұзақтығы бойынша келесі ұсынымдар клиникалық сынақтарда қолданылатын ұсынымдарға сәйкес келеді. Инфекцияның кейбір түрлері үшін қысқа емдеу режимі қолданылуы мүмкін, бірақ олар клиникалық зерттеулерде бағаланбаған. Емдеудің максималды ұзақтығы 28 күн құрайды. 28 күннен астам уақыт бойы қолданылатын линезолидтің қауіпсіздігі мен тиімділігі жеткіліксіз зерттелген (4.4-бөлімді қараңыз). Ілеспе бактериемиясы бар инфекциялар кезінде ұсынылған дозаны немесе емдеу ұзақтығын арттыру талап етілмейді. Инфузиялық ерітінді мен таблеткаларды мөлшерлеу бойынша ұсыныстар бірдей және келесідей:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.