+49 бонус

ЛИНКОМИЦИНА ГИДРОХЛОРИД 30 % 2 мл №10 ампулы

980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Линкомицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1.0 мл және 2.0 мл препараттың құрамында белсенді зат – 340.22 мг және 680.44 мг линкомицин гидрохлориді (300.0 мг және 600.0 мг линкомицин негізіне шаққанда) қосымша заттар: динатрий эдетаты, 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Препаратты стрептококктар, пневмококктар және стафилококктар сияқты грамоң аэробты микроорганизмдердің линкомицинге сезімтал штаммдары немесе преператқа сезімтал анаэробты бактериялар туындатқан инфекцияларды, сондай-ақ: жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: созылмалы синусит, іріңді ортаңғы отитті созылмалы бронхиттің инфекциялық өршуін және инфекциялық пневмонияны, плевра эмпиемасын, өкпе абсцессін қоса, тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекцияларын тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын сүйек және буындардың инфекцияларын, соның ішінде остеомиелит және сепсистік артритті септицемия және эндокардитті, жекелеген жағдайларда септицемиялар және/немесе эндокардитті емдеу үшін қолданады.
Қарсы көрсетілімдер
линкомицинге немесе клиндамицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүктілік («өмірге қажетті» көрсетілімдер бойынша қажет болған жағдайларды қоспағанда) лактация кезеңі бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі 1 айлығына дейінгі балалар
Дозасы
Бұлшықет ішіне Ересектер әрбір 24 сағатта 600 мг ауыр инфекцияларда: әрбір 12 сағатта 600 мг, бұл инфекцияның ауырлығымен анықталады Балалар (1 айдан асқан) 10 мг / кг/тәулікке бір немесе бірнеше енгізу ауыр инфекцияларда: әрбір 12 сағатта 10 мг / кг Вена ішіне Алдын ала сұйылтусыз вена ішіне енгізуге болмайды! Енгізу жылдамдығы 60-80 тамшы/мин (5,0-10,0 мг/мин) аспауы тиіс. Ересектер әрбір 8-12 сағатта 600 мг-ден 1 г дейін тым ауыр инфекцияларда бұл дозаларды арттыруға болады өмір үшін қауіп төндіретін жағдайларда, в/і енгізуге арналған тәуліктік доза 8 г дейін құрауы мүмкін. Балалар (1 айдан асқан) 10-20 мг/кг/тәулік, бұл әрбір 8-12 сағат сайын инфекцияның ауырлығына қарай анықталады. Балаларға тәуліктік дозаны бөлінген дозаларда берген жөн. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер. Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қан плазмасынан линкомициннің T½ артады, бұл пациенттердің осы санатында линкомицинді енгізу жиілігін төмендету үшін негіз болып табылады. Егер линкомицинмен ем бүйрек функциясының елеулі бұзылуы бар пациенттер үшін қажет болса, тиісті доза бүйрек функциясы қалыпты пациенттер үшін ұсынылған дозаның 25-тен 30% дейінін құрауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Препаратты бұлшықет ішіне, вена ішіне (тек қана тамшылатып) қолданады. Венаішілік енгізу кезінде натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтады. 1 г линкомицинді сұйылтуға арналған кем дегенде 100 мл тиісті ерітіндіде (декстрозаның немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі) сұйылтады, бұл ретте инфузияның ұзақтығы кем дегенде 1 сағат болуы тиіс. Доза Сұйылтуға арналған ерітіндінің көлемі, мл-де Инфузия уақыты, сағ 600 мг 100 мл 1 сағ 1 г 100 мл 1 сағ 2 г 200 мл 2 сағ 3 г 300 мл 3 сағ 4 г 400 мл 4 сағ Көрсетілген дозаларды қайта енгізуге болады, енгізу жиілігі қажетіне қарай анықталады, бұл ретте тәуліктік доза 8 г құрайтын линкомициннің ең жоғары ұсынылған дозасынан аспауы тиіс. Ескерту. Егер бұл препарат ұсынылғаннан жоғары концентрацияда және жоғары жылдамдықпен енгізілсе, жүрек-қантамыр және өкпе жүйесі тарапынан ауыр реакциялар пайда болуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы β-гемолизистік стрептококк туындатқан инфекцияларды емдеу кем дегенде 10 күнге жалғасуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.