+133 бонус

ЛИНЕКС ФОРТЕ №7 капс

2665 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту, в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат – Probio-Tec AB Blend-64 - 60.0 мг, құрамында: Lactobacillus acidophilus - шамамен 25.741 мг (кемінде 1 х 109 КТБ/капсула), Bifidobacterium animalis subsp. lactis – шамамен 3.061 мг (кемінде 1 х 109 КТБ/капсула). Сүтқышқылды бактериялар жиынтығы кемінде 2 х 109 КТБ/капсула. қосымша заттар: Probio-Tec AB Blend-64 құрамында: мальтодекстрин2, Beneo® Synergy 13, магний стеараты. капсула корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), гидроксипропилметилцеллюлоза. капсула қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), гидроксипропилметилцеллюлоза. 1 - Микробиологиялық өсірінді мөлшері қоспада сериядан серияға дейін аздап өзгереді. Бұл жеке штамдар өндірілгенде ферментация өнімнің ауытқымалылығына байланысты жүреді. 2 Мальтодекстрин толтырғыш ретінде пайдаланылады. Толтырғыштың саны пайдаланылатын микробиологиялық өсірінді санының ауытқуын компенсациялау үшін түзетіледі. Бұл микробиологиялық өсірінді мен мальтодекстриндердің шамалы өзгеруі мүмкін мөлшерін тек типтік мəндер түрінде ғана көрсететілетінін түсіндіреді.  3- Beneo® Synergy 1 құрамында: 90 % - 94 % инулин және 6 % - 10 % олигофруктоза (глюкоза+фруктоза+сахароза)
Қолданылуы
- балалар мен ересектердегі асқазан-ішек жолдарының вирустық және бактериялық инфекциялардан туындаған дисбиоз (дисбактериоз), диарея, іш кебуі және басқа да асқазан-ішек бұзулулары кезінде (мысалы, ротавирусты инфекция, «саяхатшылар» диареясы); микробқа қарсы дәрілер (антибиотиктер және басқа да синтетикалық микробқа қарсы дәрілер); құрсақ қуысы мен жамбас мүшелерін сәулемен емдеу профилактикасы және емі үшін қосымша дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе сүт өнімдеріне немесе кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық (жақпаушылық) - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 1 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға тамақтану кезінде күніне 1 рет 1 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау ұсынылады. Егер бала капсуланы жұта алмаса, онда оны ашып, ішіндегісін қажетті мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек. Бұл препарат құрамына кіретін бактериялардың тіршілік қабілетіне әсер етпейді. 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға тамақтану кезінде 1 капсуладан күніне 1-2 рет аздаған мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау ұсынылады. Егер бала бүтін капсуланы жұта алмаса, оны ашып ішіндегіні аздаған мөлшердегі сұйықтықпен араластырып беруге болады. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тамақтану кезінде 1 капсуладан күніне 1-3 рет аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу ұсынылады. Емдеу ұзақтығы дисбактериоздың даму себебі мен организмнің жекелей ерекшеліктеріне байланысты. Препаратты симптомдар жойылғанға дейін қабылдауға болады. Егер ЛИНЕКС® фортемен екі күн емдегеннен кейін пациенттің жай-күйі жақсармаса, пациент дәрігерге көріну тиіс. 1 жасқа дейінгі балаларға ЛИНЕКС® фортені қолдану ұсынылмайды. Осы жас тобы үшін препараттың неғұрлым қолайлы шығарылу түрлерінде қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.