+236 бонус

ЛИНЕКС №32 капс Бифидум+лактобактерии

4730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту, в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
профилактика үшін және емдеуде қосымша дәрі ретінде: - балалар мен ересектердегі асқазан-ішек жолдарының вирустық және бактериялық инфекцияларынан туындаған дисбиоз (дисбактериоз), диарея, іштің кебуі және басқа да асқазан-ішек жолдарының бұзылуларының (мысалы, ротавирусты инфекция, «саяхатшылар» диареясы); әсер ету ауқымы кең антибиотиктер және химиотерапиялық препараттардан; құрсақ қуысы мен жамбас ағзаларын сәулемен емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне немесе сүт өнімдеріне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Емшектегі балалар мен 2 жасқа дейінгі балаларға Күніне 3 рет 1 капсуладан тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Егер бала капсуланы жұта алмаса, онда оны ашып, ішіндегісін қажетті мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек. Бұл препарат құрамына кіретін бактериялардың тіршілік қабілетіне әсер етпейді. Ерте жастағы балаларда асқазан сөлінің қышқылдылық деңгейі ересектердегіге қарағанда төмен, сондықтан ЛИНЕКС® бактериялары балаларда асқазан сөлінің әсеріне төзімді және ішекке дейін өзгермеген түрде жетеді. 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға Күніне 3 рет 1-2 капсуладан тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Капсуланы ашу және ішіндегісін аздаған мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек. 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға Күніне 3 рет 1-2 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Күніне 3 рет 2 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Ең жоғарғы бір реттік дозасы - 2 капсула. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 6 капсула. Енгізу әдісі мен жолы ЛИНЕКС® тамақтану кезінде қабылдануы керек, бұл оның жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы дисбактериоздың даму себебі мен организмнің жекелей ерекшеліктеріне байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.