+142 бонус

ЛИНДИНЕТ 20 75 мкг+20 мкг №21 таб

2850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гестоден и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 0,075 мг гестоден, 0,02 мг этинилэстрадиол қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон К-30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кальций эдетаты, қабығының құрамы: сахароза, кальций карбонаты, тальк, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), повидон К-90F, хинолинді сары (Е 104)
Қолданылуы
Пероральді контрацепция. Линдинет 20 препаратын тағайындар алдында әйелде бұрыннан бар жекелеген, әсіресе, вена тромбоэмболиясына (ВТЭ) қатысты қауіп факторларына баға беру керек, сондай-ақ, Линдинет 20 препаратын қабылдағандағы ВТЭ қаупін басқа біріктірілген гормоналды контрацептивтерді қабылдағандағы қауіппен салыстыру керек.
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) төменде аталған жағдайлар болған кезде қолдануға болмайды. БГК қолдану аясында осы жағдайлардың кез келгені алғаш рет туындаған кезде препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек. -Белсенді заттарға (гестоден және этинилэстрадиол) немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына жоғары сезімталдық. - Жүректің ишемиялық ауруы Веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) болуы немесе туындау қаупі: Веналық тромбоэмболия (ВТЭ) – қазіргі уақытта веналық тромбоэмболияның болуы (антикоагулянттармен емдеу аясында) немесе анамнезінде (мысалы, терең вена тромбозы [ТВТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ]). Веналық тромбоэмболияға анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы, белсендірілген С протеиніне резистенттілік (V Лейден факторын қоса), антитромбин ІІІ жеткіліксіздігі, С протеині немесе S протеині жеткіліксіздігі. Ұзақ иммобилизациямен ауқымды операциялық араласулар. Көптеген қауіп факторларына байланысты веналық тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары қаупі. Артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе даму қаупі: Артериялық тромбоэмболия - қазіргі уақытта немесе анамнезінде (мысалы, миокард инфарктісі) немесе оның алдындағы жай-күйлер (мысалы, стенокардия) артериялық тромбоэмболияның болуы. Ми қан айналымының бұзылуы - қазіргі уақытта немесе анамнезінде инсульттің немесе оның алдындағы жай-күйлердің болуы (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, ТИШ). Артериялық тромбоэмболияға анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антиденелер (антикардиолипинді антиденелер, жегілік антикоагулянт). Ошақтық неврологиялық симптоматикасымен анамнезінде бас сақинасының болуы. Көптеген қауіп факторларына байланысты артериялық тромбоэмболия дамуының жоғары қаупі (4.4-бөлімді қараңыз) немесе төменде аталғандардың бір күрделі қауіп факторының болуы: диабеттік ангиопатиясымен қант диабеті ауыр артериялық гипертензия ауыр дислипопротеинемия Жүрек клапандары аурулары. Аритмия. Бақыланбайтын артериялық гипертензия. Липидтік алмасудың ауыр бұзылуы. Гормонға тәуелді қатерлі жаңа түзілімдер, оның ішінде оларға күдік туындағанда (мысалы, жыныс мүшелері немесе сүт бездері). Ауыр дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы (жедел бауыр жеткіліксіздігінің дамуымен), соның ішінде анамнезінде. Анамнезінде немесе қазіргі уақытта бауыр ісіктерінің (қатерсіз немесе қатерлі) болуы. Этиологиясы белгісіз жыныс жолдарынан қан кету. Айқын гипертриглицеридемиямен қатар жүретін қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі панкреатит. Линдинет 20 препаратын құрамында омбитасвир / паритапревир / ритонавир және дасабувир бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Менархе басталғанға дейінгі кезең Жүктілік, соның ішінде жүктілікке күмәндану, бала емізу кезеңі. Постменопауза. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Лактаза тапшылығы, лактозаны көтере алмаушылық, галактозаны көтере алмаушылық, фруктозаны көтере алмаушылық, сахараза-изомальтаза көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.
Дозасы
Препаратты блистерлік қаптамада көрсетілген тәртіппен, күн сайын, шамамен бір уақытта қабылдау қажет. Линдинет 20 препаратын күн сайын 21 күн бойы 1 таблеткадан қабылдайды, содан кейін қабылдауды 7 күнге тоқтатады. Әрбір келесі қаптаманы 7 күндік үзілістен кейін бастайды. «Тоқтату» қан кетуі әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-3 күні басталады және келесі қаптамадан таблеткаларды қабылдау басталғанға дейін тоқтамауы мүмкін. Линдинет 20 препаратын қабылдауды қалай бастау керек Егер гормональді контрацептивті дәрілер алдыңғы айда қолданылмаса Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының 1 күнінен бастау керек (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күнінен). Линдинет 20 препаратын етеккір оралымының 2-7 күнінен бастап қабылдауды бастауға (мысалы, таблеткаларды жексенбі күні қабылдауды бастау) болады, алайда таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күнінде контрацепцияның (мысалы, мүшеқап немесе спермицидтер) гормональді емес әдісін қолдану ұсынылады. Біріктірілген гормональді контрацептивтерден (біріктірілген пероральді контрацептив (БОК), қынаптық сақина немесе трансдермальді бұласыр) көшкен кезде Линдинет 20 препаратын қабылдауды алдыңғы біріктірілген пероральді контрацептивтің соңғы белсенді таблеткасын қабылдағаннан кейін келесі күні бастау қажет, бірақ БОК қабылдаудағы әдеттегі үзіліс аяқталғаннан немесе алдыңғы БОК соңғы белсенді емес таблеткасын қабылдағаннан кейін келесі күннен кешіктірмей бастаған дұрыс. Қынаптық сақинадан немесе трансдермальді бұласырдан көшкен кезде Линдинет 20 препаратын қабылдауды алдыңғы дәріні алып тастаған күні, бірақ келесі енгізу (аппликация) жасалуға тиіс күннен кешіктірмей бастаған жөн. Құрамында тек гестагендер бар препараттардан көшкен кезде ("мини-пили", инъекциялық түрлері, имплантанттар немесе жатырішілік емдік жүйелер (ЖІЕЖ), босап шығатын гестагендер) -Құрамында тек гестагендер (мини-пили) бар пероральді препараттарды қабылдау кез келген күні тоқтатылуы мүмкін, Линдинет 20 препаратын қабылдауды келесі күні бастау керек. - Линдинет 20 препаратын қабылдауды имплантатты немесе тек гестагендері бар ЖІЕЖ алып тастаған күні бастау керек. - Линдинет 20 препаратын қабылдауды келесі инъекция тағайындалған күні бастау керек. Барлық жағдайларда Линдинет 20 препаратын қабылдаудың алғашқы 7 күні бойы контрацепцияның гормональді емес әдісін қолдану ұсынылады. Бірінші триместрде жүктілікті тоқтатқаннан кейін Бірінші триместрде жүктілікті тоқтатқаннан кейін Линдинет 20 препаратын қабылдауды бірден бастауға болады. Мұндай жағдайда қосымша контрацепция әдістері талап етілмейді. Босанғаннан кейінгі кезең Босанғаннан кейін тікелей тромбоэмболияның туындау қаупі жоғарылайтындықтан Линдинет 20 препаратын босанғаннан кейін (бала емізу болмаған жағдайда) 28 күннен кейін немесе жүктілікті тоқтатқаннан кейін екінші триместрде қабылдауды бастау керек. Таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні бойы контрацепцияның қосымша гормональді емес әдісін қолдану ұсынылады. Алайда, егер әйелде жыныстық қатынас болса, Линдинет 20 препаратын қолдануды бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоғын тексеру немесе бірінші етеккірді күту керек. Асқазан-ішек бұзылыстары жағдайында (құсу, диарея) Егер таблетканы қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде құсу немесе диарея болса, препараттың сіңуі толық болмауы мүмкін. Бұл жағдайда басқа қаптамадағы таблетканы қабылдау керек және "Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар" бөлімінде келтірілген ұсыныстарға сүйенген жөн. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.