Дозасы
Қолдану бойынша ұсынымдар
Препаратты пайдаланар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Емдеудің бастапқы кезеңінде 7 күн бойы түнге қарай немесе дәрігердің басқа тағайындауына сәйкес 1 суппозиторийден қынапқа терең енгізеді.
Қайталануын емдеу кезінде 14 күн бойы түнге қарай 1 суппозиторийден қынапқа терең енгізуге болады.
Препаратты етеккір кезеңінде қолдану ұсынылмайды, өйткені оның тиімділігінің төмендеуі немесе осы кезеңде оны қолдануда қиындықтар туындауы мүмкін.
Қажет болғаанда дәрілік препаратты қолдану әдісін түсіндіру үшін емдеуші дәрігерге хабарласыңыз
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Өте жиі
- қынаптан бөліністер
Жиі
- вагинит, вульва мен қынаптың тітіркенуі, жамбас аумағының ауыруы
Сирек
- есекжем
- шөлдеу сезімі
Сирек
- анафилаксия
- қынапта ашытуды сезіну, қышыну, тітіркену, іштің ауыруы, тері бөртпесі
Өте сирек
- агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения, панцитопения
- психоздық бұзылыстар, оның ішінде көңіл-күйдің өзгеруі, сананың шатасуы және елестеулер
- энцефалопатия (мысалы, сананың шатасуы, дене температурасының жоғарылауы, бас ауыруы, елестеулер, салдану, фотофобия, қозғалыстың бұзылуы, шүйде бұлшықеттерінің сіресуі) және жеделге жуық мишық синдромы (атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм және треморды қоса) олар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды болады, бас айналу, құрысулар, ұйқысыздық, бас ауыруы
- қандағы бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза, сілтілі фосфатаза), холестаздық немесе аралас гепатит, бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымдануы, сарғаю және панкреатит (препаратты тоқтатқан кезде қайтымды сипатқа ие). Метронидазолды басқа микробқа қарсы дәрілермен біріктіріп қабылдаған пациенттерде бауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы хабарланды.
- тері бөртпесі, пустулезді бөртпе, жедел жайылған экзантематозды пустулез, қышыну, гиперемия
- несептің күңгірттенуі (метронидазол метаболиттерінің болуына байланысты)
- негізінен өтпелі сипатқа ие диплопия және алыстан көрмеу сияқты көрудің бұзылулары
- миалгия, артралгия.
Жиілігі белгісіз
- лейкопения, метгемоглобинемия
- ангионевроздық ісіну , есекжем, дене температурасының жоғарылауы
- анорексия
- депрессиялық бұзылыс
- шеткері сенсорлық нейропатия немесе өтпелі эпилепсия түріндегі ұстамалар (жоғары дозада және/немесе метронидазолмен ұзақ ем қолданғанда; көп жағдайда нейропатия емдеуді тоқтатқаннан немесе препараттың дозасын төмендеткеннен кейін жоғалып кеткен), шаршау немесе әлсіздік, атаксия, құрысулар, асептикалық менингит
- невропатия/көру жүйкесі невриті
- есту қабілетінің бұзылуы/естімей қалу (оның ішінде нейросенсорлық), құлақтың шыңылдауы
- дәм сезудің өзгеруі, оральді мукозит, ауыздың темір татуы, жүрек айну, құсу, эпигастрийдің ауыруы, диарея, ауыздың құрғауы, тәбеттің болмауы, іштің ауыруы немесе түйілуі
- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, тұрақты дәрілік бөртпе
- енгізу орнындағы тітіркену және ауыру, жанаспалы дерматит.
Қынап ішіне енгізу кезінде жағымсыз реакциялар әлдеқайда сирек кездеседі, өйткені қандағы метронидазол деңгейі төмендеу.
Метронидазолды басқа микробқа қарсы дәрілермен біріктіріп қабылдаған пациенттерде бауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.