ЛИКОПИД 1 мг №10 таб

4490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Пептек ЗАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - глюкозаминилмурамилдипептид (ГМДП) 1,0 мг. қосымша заттар: лактоза моногидраты, қант (сахароза), картоп крахмалы,метилцеллюлоза, кальций стеараты.
Қолданылуы
Препарат ересектер мен 3 жастан бастап балаларда иммунитеттің салдарлы тапшылығы жай-күйлерімен қатар жүретін аурулардың кешенді емінде қолданылады. Ересектер үшін қолданылуы: тыныс жолдарының созылмалы инфекцияларында; тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы ауруларында (пиодермия, фурункулез және басқа); герпестік инфекцияда; маусымдық ЖРА шалдығудың және ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы ауруларының өршу жиілігін төмендету және профилактикасы үшін. 3 жастан бастап балалар үшін қолданылуы: өршу сатысындағы және ремиссия сатысындағы жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы, қайталанатын инфекцияларында; тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы ауруларында (пиодермия, фурункулез және басқа); герпестік инфекцияда.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер Препараттың бір реттік дозасы 1 мг (1 таблетка) Ең жоғары бір реттік дозасы 2 мг (2 таблетка) Ең жоғары тәуліктік дозасы 6 мг (6 таблетка) Тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары 10 күн бойы тіл астына тәулігіне 1 рет 2 таблеткадан. Тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы аурулары (пиодермия, фурункулез және басқа) 10 күн бойы тіл астына тәулігіне 2-3 рет 2 таблеткадан. Герпестік инфекция 10 күн бойы ішке немесе тіл астына тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан. Маусымдық жедел респираторлық инфекциялармен аурудың және ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы ауруларының өршу жиілігін төмендету және профилактикасы үшін 10 күн бойы тіл астына тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан. Балалар Препараттың бір реттік дозасы 1 мг (1 таблетка) Ең жоғары бір реттік дозасы 1 мг (1 таблетка) Ең жоғары тәуліктік дозасы 3 мг (3 таблетка) Тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы аурулары (пиодермия, фурункулез және басқа) 10 күн бойы тіл астына тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы, қайталанатын (өршу сатысындағы және ремиссия сатысындағы) инфекциялары 10 күн бойы тіл астына тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан үш курс. Курстар арасындағы үзіліс 20 күн. Герпестік инфекция 10 күн бойы ішке немесе тіл астына тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан. Енгізу әдісі және жолы Аш қарынға ішке немесе сублингвальді (тіл астына).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.