+177 бонус

ЛИФТА 20мг №1 таб

3543 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: АБДИ ИБРАХИМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - тадалафил 20 мг, қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, түйіршіктелген лактоза, лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, қабық: Aquarius Prime BAT314064 Yellow (гидроксипропилметилцеллюлоза 5 сР, титанның қостотығы (Е 171), тальк, темірдің сары тотығы (Е 172), триацетин).
Қолданылуы
– еркек жынысты ересек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеуде. Тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалдық стимуляция қажет. Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрлері бар препараттарды қабылдау - жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерде сексуальді белсенділікке қарсы көрсетілімдердің болуы: соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктісі, - тұрақсыз стенокардия немесе, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасы пайда болуы, - соңғы 6 ай ішінде анықталған, Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) жіктеуі бойынша жүректің ІІ және одан жоғары класқа жататын жеткіліксіздігі, - жүрек ырғағының бақыланбайтын бұзылуы, гипотензия (АҚ ˂90/50 мм сын. бағ.), немесе бақыланбайтын артериялық гипертензия, - соңғы 6 ай ішінде бастан кешкен инсульт, - бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішінің әсерімен байланысты болу-болмауына тәуелсіз, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (АБАИОН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы - тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдау, өйткені симптоматикалық гипотонияның дамуына әкеліп соқтыруы ықтимал. - сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, жалпы лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересек еркектердегі эректильді дисфункция Болжамды сексуалдық белсенділік алдындағы әдеттегі ұсынылатын дозасы, тамақ ішуге байланыссыз, 10 мг құрайды. Егер 10 мг қабылдау қажетті реакцияны бермесе, онда дозасын 20 мг тадалафилге дейін арттыруға болады. 10 мг және 20 мг дозадағы тадалафил болжамды сексуалдық белсенділік алдында қабылдауға арналған және күн сайын қолдануға ұсынылмаған. ЛИФТА препаратын жиі (яғни аптасына екі реттен жиі емес) қабылдау күтілетін пациенттер үшін, пациенттің таңдауына және емдеуші дәрігердің таңдауына сәйкес, тәулігіне өте аз дозада бір реттік жиілікпен қабылдаудың қолайлы сызбасы құрастырылуы мүмкін. Мұндай пациенттер үшін тәулігіне шамамен белгілі бір уақытта бір рет 5 мг доза ұсынылады. Доза жеке көтерімділігіне байланысты тәулігіне бір рет 2,5 мг дейін азайтылуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдануға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препаратты болжамды сексуалдық белсенділіктен ең кемінде 30 минут бұрын қабылдаған жөн. Ұсынылатын ең көп қабылдау жиілігі - тәулігіне бір рет. Емдеу ұзақтығы Препаратты ұзақ уақыт бойы күн сайын қабылдаудың мақсатқа сәйкестігіне ұдайы баға беру қажет. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу жөніндегі ұсынымдар Препаратты қолдану жөнінде сұрақтарыңыз бар болса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі - бас ауыру - гиперемия - мұрынның бітелуі - диспепсия - арқаның ауыруы, бұлшықеттер мен аяқ-қолдың ауыруы Жиі емес - аса жоғары сезімталдық реакциялары - бас айналу - көздің бұлдырауы, көздің ауыруы ретінде сипатталған сезімдер - құлақтың шыңылдауы - тахикардия, жүрек қағуы - гипотония, артериялық гипертензия - ентігу, мұрыннан қан кету - іштің ауыруы, құсу, жүректің айнуы, гастроэзофагеальді рефлюкс - бөртпе - гематурия - ұзаққа созылатын эрекция - кеуденің ауыруы, шеткері ісіну, қажығыштық Сирек - Квинке ісінуі - инсульт (геморрагиялықты қоса), естен тану, мидағы қанайналымның өтпелі ишемиялық бұзылуы, бас сақинасы, құрысулар, өтпелі амнезия - көру өрісінің тарылуы, қабақтың ісінуі, конъюктива гиперемиясы, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия, торқабық қантамырларының окклюзиясы - кенет естімей қалу - миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, қарыншалық аритмия - есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, гипергидроз (тершеңдік) - приапизм, жыныс мүшесінен қан кету, гематоспермия - беттің ісінуі, жүректен болатын кенеттен өлу Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде баға беру мүмкін емес) - орталық сероздық хориоретинопатия Егер Сізде осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да болсын жағымсыз әсерлер көрініс берсе, немесе аталған жағымсыз әсерлердің қандай да болсын бірі аса күшті білінсе, дәрігерге қаралуды өтінеміз. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.