ЛИДИН-DF 30 мл спрей

1405 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний горла
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО DOSFARM
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл ерітінді құрамында белсенді заттар: хлоргексидин диглюконаты 20 % ерітіндісі 1.064 г 0.050 г лидокаин гидрохлориді бар қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, глицерин, натрий сахарині, левоментол, цинеол, этанол 96%, 100 мл-ге дейін тазартылған су
Қолданылуы
Лидин-DF спрей мына кездерде пайдаланылады: ауыздың шырышты қабығының инфекцияларын (стоматит, гингивит) және жұтқыншақтың (фарингит) емдеу; тамақ қабынғанда жергілікті ауыруды басу; баспа симптомдарын және жұтқыншақ тітіркенуін жеңілдету (жұту кезіндегі ауыру, тітіркену).
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа (заттарға) немесе кез-келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық 5 жасқа толмаған балалар анамнезінде бұлшықет құрысуы бар балалар (оның ішінде қызба кезінде құрысу), өйткені препарат құрамында левоментол бар алкогольге тәуелділік
Дозасы
Жергілікті қолдану үшін. Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер: бүріккіш тетігін 3-тен 5-ке дейін тізбекті басу; емшараны күніне 6 реттен 10 ретке дейін қайталайды. 5 жастан асқан балаларға: бүріккіш тетігін 2-ден 3-ке дейін тізбекті басу. Күніне 3 реттен 5 ретке дейін. Аталған препарат симптоматикалық емдеуге арналған және ұзақ мерзімді емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс. Егер пациенттің жағдайы 3-4 күн ішінде жақсармаса, дәрігермен кеңескен жөн. Препарат тек жеке пайдалануға арналған. Бір адамнан артық қолдану инфекция таралуына әкелуі мүмкін. Қолданар алдында бүріккішті құтыға перпендикуляр қалыпта бұрыңыз Ауызды кең ашыңыз, бүріккішті жұтқыншақ жаққа бағыттаңыз және бүріккіш тетігін басыңыз. Бүрку сәтінде деміңізді ұстаңыз. Әр пайдаланудан кейін бүріккішті бұғаттау үшін төмен бағытта бастапқы қалпына қайтараңыз. Егер Лидин-DF біршама уақыт ішінде пайдаланылмаса соңғы пайдаланудан кейін төменде көрсетілген нұсқауларға қарап бүріккіштің тесігін тазалау ұсынылады: 1. құтыны төңкеріңіз және бүріккіш тетігін адаптердегі ерітінді толығымен шықпағанша (ерітіндінің шашырауы аяқталады) басыңыз; 2. бүріккіш түтігін бүркуге арналған тесіктен алып тастаңыз және оны жылы су тұрған ыдысқа бірнеше минутқа салыңыз; 3. бүріккіш түтігін судан шығарып алыңыз және құрғатыңыз; 4. шашырауды бұғаттау үшін бүріккіш түтігін төмен қаратып жалғаңыз. Ересектерге арналған ең жоғарғы доза 0.85 мг хлоргексидинді және 0.21 мг лидокаинді құрады. Хлоргексидиннің ең жоғарғы тәуліктік дозасы 8.5 мг және 2.1 мг лидокаин. Қондырманы әр басу кезінде 0.085 мл ерітінді шашырайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.