+355 бонус

ЛИДАЗА 64 ЕД №10 лиоф д/р-ра д/ин

9:00-ден кейін қолжетімді
7100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Биофарма Плазма ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында - буындардың контрактурасы, Дюпюитрен контрактурасы (бастапқы саты) - шорбуынданатын спондилоартрит - терінің әртүрлі тектегі тыртықты өзгерістері - гематомалар (ұйымдастыру сатысында) - склеродермия - ревматоидты артрит - жүйке өрімдері мен шеткері жүйкелердің жарақатты зақымданулары - өкпе туберкулезіне шалдыққан науқастарда өкпе қабынуының өнімді түрі - офтальмологиялық практикада кешенді ем құрамында кератиттерді, ретинопатияларды емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - қатерлі жаңа өспелер - жедел инфекциялық-қабыну үдерістері - өкпеден қан кету және қан түкіру - эстрогендерді қолдану - гематомалардың жедел сатысы - өкпенің айқын жеткіліксіздігімен туберкулез
Дозасы
Инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін құтының ішіндегісін 1 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде немесе 1 мл 0,5% новокаин ерітіндісінде ерітеді. Новокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде препаратты қолданар алдында новокаинге аллергиялық сынама жүргізу керек. Контрактуралар, әртүрлі тыртықтар, гематомалар, шорбуынданатын спондилит кезінде ересектерге 1 мл (64 ӘБ) көлемінде зақымдану орнына жақын тері астына немесе тыртықты-өзгерген тіннің астына енгізеді. Инъекцияларды күн сайын немесе күнара жасалады. Емдеу курсына 6-10-15 инъекция жасалады. Жүйке өрімдері мен шеткері жүйкелердің жарақаттық зақымдануларында ересектерге новокаин ерітіндісінде 64 ӘБ дозада тері астына күнара енгізеді. Емдеу курсы 12-15 инъекция, қажет болған жағдайда қайталайды. Өкпе туберкулезіне шалдыққан науқастардағы қабынудың өнімді сипатында зақымдану ошағында антибиотиктер мен бактерияға қарсы басқа дәрілердің концентрациясын арттыру мақсатында препаратты кешенді ем құрамында инъекция және ингаляция түрінде тағайындайды. Ингаляция үшін құтының ішіндегісін 5 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде ерітеді. Ингаляцияларды күн сайын тәулігіне 1 реттен жасайды (құрамында 64 ӘБ бар 5 мл ерітінді). Курсқа 20-25 ингаляциядан. Қажет болғанда қайталау курстарын 1,5-2 ай аралықпен жүргізіледі. Ревматоидты артрит кезінде препаратты электрофорез тәсілімен қолданады: ересектерге 64 ӘБ препаратты 30 мл дистилляцияланған суда ерітіп, 0.1% хлорлы сутек қышқылы ерітіндісінің 4-5 тамшысын қосады және қосұшты электрод арқылы (анод) екі буынға енгізеді. Емшараның ұзақтығы - 20-30 минут, емдеу курсы 10-15 сеанс. Кератит кезінде мөлдірқабықтың зақымданған аймақтарының неғұрлым жұқа тыртықтануы үшін антибиотиктерді, сульфаниламидтерді бір мезгілде қолданғанда препарат ерітіндісінің 1 тамшысынан тамызады. Ерітіндіні дайындау үшін құтының ішіндегісін 20 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде ерітеді. Ретинопатияларда 0,5 мл ерітіндіден самай терісінің астына енгізеді (препараттың 1 құтысының ішіндегісін 20 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде немесе 20 мл 0,5 % новокаин ерітіндісінде еріту керек). Емдеу курсы 10-15 емшараны құрайды. Енгізу әдісі және жолы Лидаза-СТАДА препаратын тыртықтанып өзгерген тіннің астына тері астына, бұлшықет ішіне және электрофорез әдісімен енгізеді. Офтальмологиялық практикада препаратты субконъюнктивалық, ретробульбарлық түрде енгізуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.