+131 бонус

ЛЕВОЗИН 250 мг №5 таб

2630 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 256.23 мг левофлоксацин гемигидраты (250 мг левофлоксацинге баламалы), 512.46 мг левофлоксацин гемигидраты (500 мг левофлоксацинге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, гидроксипропилметилцеллюлоза (фармакоат 603 W), кросповидон (коллидон), натрий стеарил фумараты. қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400).
Қолданылуы
ЛЕВОЗИН®, қабықпен қапталған таблеткалар, ересектерде келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - Жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары; - Созылмалы бактериялық простатит - Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу. Төменде аталған инфекциялар үшін қабықпен қапталған ЛЕВОЗИН® таблеткаларын әдетте осы инфекциялардың емі ретінде ұсынылатын басқа бактерияларға қарсы дәрілерді пайдалану мақсатқа сай болмаған жағдайларда ғана пайдаланған жөн: - Жедел бактериялық синусит - Созылмалы бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі - Ауруханадан тыс пневмония - Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары - Асқынбаған цистит ЛЕВОЗИН®, сондай-ақ бастапқы левофлоксацинмен венаішілік емдеу кезінде жағдайы жақсарған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін пайдалануға болады. Бактерияға қарсы агенттерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға немесе препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - эпилепсиясы бар пациенттер - анамнезінде фторхинолондарды алдыңғы қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Таблеткалар тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылданады. Дозалау инфекцияның түріне және ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты. Таблеткалардағы ЛЕВОЗИН® препараты сондай-ақ левофлоксацинді вена ішіне енгізумен бастапқы ем жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін; парентеральді және пероральді формалардың биоэквиваленттілігін ескеріп, сол дозаны пайдалануға болады. Дозалануы Таблеткадағы ЛЕВОЗИН® препараты келесі дозаларда қолданылады: Бүйрек функциясы қалыпты ересек пациенттерге арналған доза (креатинин клиренсі > 50 мл/мин)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.