+168 бонус

ЛЕВОЯПС 5 мг/мл глазные капли 5 мл

3360 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Балканфарма-Разград АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл препараттың құрамында: белсенді зат - левофлоксацин гемигидраты (левофлоксацинге баламалы) 25.0000 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді**, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы 10 %, натрий гидроксиді 10 % ерітіндісі, инъекцияға арналған су, азот*** (оттегі мөлшері төмен) стерильді. **5% артығы бензалконий хлоридінің есептік мөлшеріне кіреді. *** Өндірісте инертті орта ретінде пайдаланылады.
Қолданылуы
- ересек пациенттерде және 8 жастағы және одан асқан балаларда левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған көздің беткейлік бактериялық инфекцияларын емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді зат левофлоксацинге, хинолондар тобының басқа препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне, мысалы бензалконий хлоридіне аса жоғары сезімталдық - 8 жастан кіші балалар.
Дозасы
Барлық пациенттер үшін - зақымданған көзге (екі көзге) алғашқы 2 күнде Левояпс препаратының 1-2 тамшысынан әрбір 2 сағат сайын тамызады, ояу жүрген кезеңде күніне 8 реттен көп емес. Содан кейін 3-ші күннен 5-ші күнге дейін, күніне 4 рет тамызады. Ересектер мен ≥8 жастан асқан балалар үшін дозалануы бірдей. Енгізу әдісі мен жолы Тамшыларды көздің ішкі бұрышына тамызады. Дәрілік препараттың сіңуінің алдын алу және жергілікті әсерін күшейту үшін тамызғаннан кейін көздің ішкі бұрышындағы мұрын-көз жасы каналын 2-3 минут бойы саусақпен қысу қажет. Көзге арналған басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданған кезде оларды тамызу арасында ең азы 15 минуттық аралық қажет. Егер сіз Левояпс препаратын және көз жақпамайын бір мезгілде қолдансаңыз, онда жақпамайды соңғы кезекте жағу керек. Көз тамшыларын тамызар алдында жанаспалы линзаларды шешіп, тамызғаннан кейін кемінде 15 минуттан соң қайта кию қажет. Құтының тамшылатқышы мен Левояпс тамшылары ерітіндісінің ластануын болдырмау үшін тамшылатқыштың ұшын қабаққа және айналасындағы беткейлерге тигізуге болмайды. Емдеу ұзақтығы Әдеттегі емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды. Кейбір жағдайларда дәрігер емдеу курсын 2 аптаға дейін ұзартуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, аурудың клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.