+188 бонус

ЛЕВОНАТ 500 мг №7 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
3765 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: ATABAY KIMYA SAN. VE TIC. A.S
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – левофлоксацин гемигидраты 512,46 мг (500 мг левофлоксацинге баламалы) қосымша заттар: авицел рН 102, кросповидон, гиппромеллоза, тазартылған су**, натрий октадеценил гидрофумараты үлбірлі жабыны: Опадри Қызғылт*** - өндіріс процесінде буға айналады ***- қабығының құрамы: титанның қостотығы Е171, темірдің сары тотығы Е172, темірдің қызыл тотығы Е172, макрогол 8000, тальк
Қолданылуы
Левонат препараты ересектерде келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары - созылмалы бактериялық простатит - сібір ойық жарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу. Төменде аталған инфекциялар үшін Левонат әдетте осы инфекцияларды бастапқы емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілерді қолдану мүмкін еместігі негізді болған жағдайларда ғана қолданылу керек: - жедел бактериялық синусит - бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының өршуі - ауруханадан тыс пневмония - терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары - асқынбаған цистит. Левонат препараты левофлоксацинді венаішіне енгізумен бастапқы емдеу жүргізуден кейін жай-күйі жақсарғаны байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге, фторхинолон қатарындағы басқа препараттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эпилепсиясы бар пациенттер - анамнезінде фторхинолондарды алдыңғы қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер - бактерияға қарсы емсіз басылуы мүмкін ауыр емес инфекцияларды (фарингит, тонзиллит және жедел бронхит сияқты) емдеу - бактериялық емес инфекцияларды емдеу, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатит - саяхатшы диареясының немесе төменгі несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының профилактикасы үшін - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Таблеткалар тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылданады. Дозасы инфекцияның түріне және ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты. Левонат препараты левофлоксацинді вена ішіне енгізумен бастапқы ем жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін; парентералды және пероральді түрлердің биобаламалылығын ескере отырып, ұқсас дозаны қолдануға болады. Ересектерге арналған ұсынылатын дозалар кестеде келтірілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.