+32 бонус

ЛЕВОМИЦЕТИН-КМП 1 г №1 фл

9:00-ден кейін қолжетімді
650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Хлорамфеникол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ПАО Киевмедпрепарат
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – 1.0 г левомицетинге шаққанда левомицетин сукцинатының натрий тұзы стерильді
Қолданылуы
- іш сүзегінде, H. influenzae туындатқан менингит және левомицетинге сезімтал бактериялар туындатқан басқа да күрделі инфекцияларда. - левомицетинді пероральді қолдану мүмкін болмаған немесе левомицетиннің пероральді түрлерін қабылдау кезінде жеткеніне қарағанда, қанда левомицетиннің жоғары концентрациясына жетуі қажет болған жағдайларда.
Қарсы көрсетілімдер
- препаратты жекелей көтере алмаушылық және/немесе анамнезде левомицетинге жағымсыз реакцияның болуы. - қан түзудің бәсеңдеуі, қан аурулары, жедел порфирия. - тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымданулар). - бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары. -глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы. - Левомицетинді жедел респираторлық ауруларды, баспаны емдеу мен алдын алу үшін тағайындамаған жөн.
Дозасы
Енгізілетін доза және пайдаланылатын концентрация инфекцияның ауырлығына байланысты. Мынадай стандартты дозалау ұсынылады: Ересектер: 1 г левомицетиннен (1 құты) әрбір 6-8 сағат сайын. Егде жастағы пациенттер: бауыр мен бүйректің қалыпты функциясы жағдайында дозаны түзету қажет емес. Балалар: кг дене салмағына 50 мг, бөлінген дозада (бірдей бөлікке) күнделікті әрбір 6 сағат сайын (осы дозадан асып кетпеуі тиіс). Пациенттің жағдайын уыттылық белгілері болуына мұқият тексеріп отыру қажет. Енгізу әдісі мен жолы Препарат ерітінділерін ex tempore дайындайды. Ұнтақты еріткіштермен сұйылту арқылы тек 10% (100 мг/мл) немесе төменгі концентрацияны қолданыңыз (кестені қараңыз). Алынған ерітіндіні вена ішіне болюсті, вена ішіне инфузия немесе бұлшықет ішіне инъекция түрінде енгізуге болады. Алайда, бұлшықет ішіне енгізуді қолдану тек вена ішіне енгізуге болмайтын пациенттермен ғана шектелуі тиіс. Жергілікті емдеумен бір мезгілде левомицентин сукцинатын вена ішіне енгізу остеомиелит ошағын емдеу, абсцесстер, эмпиема, тері инфекциялары және несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде өте тиімді болып табылады. Қанда ең жоғары концентрациясына жылдам жетуін қамтамасыз ету үшін левомицентин сукцинатын вена ішіне инъекция жолымен енгізу керек. Осылай істеу мүмкін болмайтын жағдайларда препаратты бұлшықет ішіне енгізу керек, алайда, сіңіру баяу және болжанбайтын болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. 10% (100 мг/мл) ерітінді вена ішіне 1 минут бойы инъекция арқылы немесе сұйылту аяқталғаннан кейін баяу вена ішіне инфузия арқылы сұйықтықтың үлкен көлемінде енгізілуі тиіс. Қажет болса, 10% (100 мг/мл) ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізуге болады. Ұсынылатын еріткіштер: инъекцияға арналған су, инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді немесе инъекцияға арналған глюкоза ерітіндісі 5%. Сұйылту кестесі төменде келтірілген. Енгізу жолы Қосылуы қажет еріткіштің көлемі Ерітінді концентрациясы Вена ішіне болюсті енгізу (1 минут) Баяу вена ішіне инфузия Вена ішіне енгізу 9,2 мл 100 mg/ml (10%) Осы бөлімде көрсетілмеген еріткіштерді пайдалануға болмайды. Левомицетинді В тобының дәрумендерімен және аскорбин қышқылымен бір шприцте араластыруға болмайды. Левомицетин ампициллин натрий тұзымен, гентамицин сульфатымен, канамицин сульфатымен және гидрокортизонмен ерітінділерде үйлеспейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.