+155 бонус

ЛЕВОКСИМЕД 0,5 % 5 мл гл кап

3100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ophtalmics Ilaclari Limited Sirkety
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – 5.00 мг левофлоксацин (левофлоксацин гемигидраты түрінде); қосымша заттар: натрий хлориді, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Левоксимед ересектер мен 8 жастан асқан балаларда левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан көздің бактериялық инфекцияларын жергілікті емдеуге арналған. Препаратты қолдану кезінде бактерияға қарсы препараттарды тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық 8 жасқа дейінгі балалар (препараттың құрамында бензалконий хлоридінің болуына байланысты) жүктілік және бала емізу кезеңі.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер мен 8 жастан бастап және үлкен балаларға: алғашқы 2 күнде сергек кезеңде күніне 8 ретке дейін әрбір 2 сағат сайын зақымданған көзге ерітіндінің 1-2 тамшысын, одан кейін келесі 3-5 күн бойы күніне 4 реттен тамызады. Жергілікті қолдануға арналған бірнеше офтальмологиялық препаратты бір мезгілде пайдаланғанда инстилляциялар арасындағы 15 минуттық аралықты сақтау қажет. Тамшылатқыштың және ерітіндінің микробты ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш ұшының кірпіктермен және қоршаған беткейлермен жанасуынан аулақ болу керек. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, аурудың клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты және әдетте 5 күнді құрайды. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзетудің қажеті жоқ. Балалар Препараттың құрамында бензалконий хлоридінің болуына байланысты препарат 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған. Енгізу әдісі және жолы Офтальмологияда тек жергілікті қолдануға ғана арналған. Тамызар алдында құтыны 1-2 минут қолға ұстап тұрып, ерітіндіні жылыту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.