+201 бонус

ЛЕРКАМЕН 10 мг №60 таб

4020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лерканидипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 10 мг лерканидипин гидрохлориді (9,4 мг лерканидипинге баламалы) қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), повидон К30, магний стеараты Үлбірлі жабындыға арналған қоспа: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, темірдің сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
- Леркамен® 10 препараты ересектерде ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі эссенциалды артериялық гипертензияны емдеу үшін қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. жүректің солжақ қарыншасы жолының обструкциясы. емдеу жүргізілмеген іркілісті жүрек жеткіліксіздігі. тұрақсыз стенокардия немесе жақында (бір ай ішінде) бастан өткерген миокард инфарктісі. бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуы. бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуы (ШСЖ < 30 мл/мин), оның ішінде диализдегі пациенттерде. қатарлас қолдану: CYP3A4 күшті тежегіштерін (Дәрілік өзара әрекеттесулер бөлімін қараңыз) циклоспоринді (Дәрілік өзара әрекеттесулер бөлімін қараңыз) грейпфрутты немесе грейпфрут шырынын (Дәрілік өзара әрекеттесулер бөлімін қараңыз).
Дозасы
Ішке қабылдауға ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет тамақтанудан кемінде 15 минут бұрын 10 мг құрайды; пациенттің жеке сезімталдығына қарай дозаны 20 мг дейін арттыруға болады.  Дозаны титрлеуді біртіндеп жүргізген жөн, өйткені оның ең жоғары гипотензиялық әсері білінгенше дәрі қабылдау басталған соң екі аптаға жуық уақыт өтуі мүмкін. Бір гипотензиялық препаратты пайдаланғанда артериялық қысымы талапқа сай бақыланбайтын кейбір пациенттерде Леркамен®10 препаратын қолдану – егер ол бета-адренорецепторларды бөгейтін дәріге (атенолол), диуретикке (гидрохлоротиазид) немесе АӨФ тежегішіне (каптоприл немесе эналаприл) қосымша тағайындалса - қолайлы әсерін көрсетеді. «Доза - жауап реакциясы» тәуелділік қисығы тік қалыпта болып, 20-30 мг құрайтын дозаларда плато түзетіндіктен, ең жоғары дозаларды қолдану кезінде препарат тиімділігінің арту ықтималдығы аз, ал осы уақытта жағымсыз әсерлердің туындау қаупі жоғарылауы мүмкін.   Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Фармакокинетика деректері және клиникалық тәжірибе тәуліктік дозаны таңдау кезінде түзету қажет еместігін көрсетсе де, егде жастағы адамдарды емдеуге кіріскенде айрықша сақтық таныту керек. Балалар мен жасөспірімдер 18 жасқа дейінгі балаларда Леркамен® 10 препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бүйректің немесе бауырдың әлсіз немесе орташа ауырлық дәрежедегі дисфункциясы бар пациенттерді емдеу басталғанда айрықша сақтық таныту керек. Дегенмен пациенттердің осы қосалқы тобында әдетте ұсынылатын дозалану жағымдылығы қалыпты болса да, дозаны тәулігіне 20 мг дейін арттырғанда абай болу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін, демек, бұл жағдайларда дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Леркамен® 10 препаратын бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі пациенттерде немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі ауыр (ШСЖ < 30 мл/мин) пациенттерде, оның ішінде гемодиализ әдісімен емделіп жатқан пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Дәрілік затты таңертең, таңғы астан кемінде 15 минут бұрын қабылдаған дұрыс. Кертігі бірдей дозалап жартылай бөлуге емес, таблетканы оңай жұту үшін сындыруға ғана арналған. Аталған препаратты грейпфрут шырынымен бірге қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Дәрілік өзара әрекеттесулер» бөлімдерін қараңыз).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.