+164 бонус

ЛЕКСУР 500мг №7 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
3290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Helba Ilac Ic ve Dis Sanayi Ticaret Anonim Sirketi
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 512.46 мг немесе 768.69 мг левофлоксацин гемигидраты (сәйкесінше 500 мг немесе 750 мг левофлоксацинге баламалы), қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, кросповидон, микрокристалды целлюлоза (Avicel pH 102), коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil), магний стеараты, Sepifilm LP 761 Blanc-White қабығының құрамы: гидроксипропилметилцел-люлоза (Е464), микрокристалды целлюлоза (Е460), стеарин қышқылы (Е570), титанның қостотығы (Е171), тазартылған су*. *Үлбірлі қабықпен қаптау/кептіру процессінде бумен ұшып кетеді.
Қолданылуы
500 мг доза Келесі инфекцияларды емдеу үшін ересек пациенттерге қолдануға көрсетілген: - жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары - созылмалы бактериялық простатит - сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: қарым-қатынастан кейінгі профилактика және емдеу. Төменде аталған инфекциялар үшін препаратты осы инфекцияларға бастапқы ем ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды қолдану мүмкін болмауы негізделген жағдайларда ғана қолдану керек: - жедел бактериялық синусит - өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының, оның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі - ауруханадан тыс пневмония - тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары - асқынбаған цистит 750 мг доза Келесі инфекцияларды емдеу үшін ересек пациенттерге қолдануға көрсетілген: - ауруханаішілік және ауруханадан тыс пневмония - тері мен жұмсақ тіндердің асқынған және асқынбаған инфекциялары - созылмалы бактериялық простатит - сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: қарым-қатынастан кейінгі - оба - несеп шығару жолдарының асқынған және асқынбаған инфекцияларында - жедел пиелонефрит - созылмалы бронхиттің жедел бактериялық асқынуы - жедел бактериялық синусит Дәріге төзімді бактериялардың дамуын азайту және левофлоксациннің тиімділігін сақтау үшін препаратты сезімтал бактериялармен туындаған дәлелденген немесе болжанған инфекцияларды емдеу немесе алдын алу үшін ғана қолдану керек. Таблеткалардағы левофлоксацин вена ішіне левофлоксацинді енгізумен бастапқы ем жүргізгеннен кейін жай-күйінің жақсаруы байқалған пациенттердің емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін, тура сондай дозаны қолдануға болады. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эпилепсиясы бар пациенттерге - анамнезінде фторхинолондарды қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттерге - жүктілік және емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Дозасы
500 мг доза Таблетканы ішке тәулігіне 1 немесе 2 рет қабылдайды. Доза инфекциялардың түріне, ауырлығына, сондай-ақ, болжамды қоздырғышқа сезімталдыққа байланысты болады. Препарат келесі дозаларда қолдануға ұсынылады: Бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі > 50 мл/мин) пациенттер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.